RU

"Шошқадан асып түседі": Асхат Садырбай Бурабайда қоқыс шашып кеткендерге шүйлікті

Белгілі отандық журналист Асхат Садырбай Бурабай жағалауында қоқысты шашып кеткендерге қатысты пікір білдірді. Ақпарат өкілі жақсы демалыс өткізіп алып, арттарын жинамай қойған отандастарын қатаң сынға алды. Ол табиғатты ластап кеткен қазақстандықтарды шошқаға теңеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/askhatsadyrbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/askhatsadyrbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Асхат Садырбай азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Оның сөзінше, бүгінде кейбір жандар шошқаға қатысты өткір ойын айтуға ғана шебер емес. Олар шынайы өмірде өздері де шошқаның әрекетін жасап тұратынын жеткізді.

"Шошқаға субсидия көп беріледі екен, масқара, шошқаның еті харам, деп инстаграмға пост салғанда, комментарий жазғанда шеберміз. Сөйтіп табиғатқа шығамыз да оны шошқадан бетер ластаймыз! Осы қоқысты шашып кеткендерді аяймын. Шошқаның етін сатуға болады, ал мыналардың... Бурабай, маусым,2020 жыл. Суреттер Юлия Синчуктің парақшасынан алынды" , - деп жазды Асхат Садырбай.

Айта кетейік, бұған дейін Асхат Садырбай мемлекет басшысының алғыс хатымен марапатталғанын хабарлаған болатынбыз.

Оған қоса, белгілі журналист он жылға сотталып кеткен ақтөбелік лагерь тәрбиешісін жақтап шыққан еді. Ол жас жігітке жала жабылып жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1860583-soskadan-asyp-tsedi-ashat-sadyrbaj-burabajda-kokys-sasyp-ketkenderge-sjlikti.html