Выйти
RU

Павлодар облысы әкімінің орынбасары коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: instagram.com/askhat_oralov

Фото: instagram.com/askhat_oralov

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Асхат Ораловтың дене қызуы көтеріліп, коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен.

Байланыста болған адамдар анықталған, қазір эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде.

Облыстық әкімдіктің барлық қызметкерлері КВИ-ге тест тапсырған. Нәтижелері кейінірек жарияланбақ.

Облыс әкімі кестеге сәйкес бейнеконференция арқылы жұмысын жалғастыруда. Барлық жеке қабылдаулар мен кездесулер тоқтатылған.

Еске сала кетейік, өткен аптада бірқатар министрлер премьер-министрмен бірге Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған еді. Шенеуніктер Гвардейский кентіндегі коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыттың құрылыс нысанында болды.

14 маусымда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінен коронавирус анықталғанын хабарлады.

Бұл жаңалықтан соң Жамбыл облысында министрмен сапарда бірге болған үкімет басшысы Асқар Мамин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиев өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодар облысы әкімінің орынбасары коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті