Выйти
RU

Желі белсендісі үйіне келгендерге орамал ұстатып жібертіндерге назын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Желі белсендісі әрі бірнеше кітаптың авторы Оңайгүл Тұржан қазақтың қыз-келіншектеріне өз ұсынысын білдірді. Ол той мен садақа кезінде арзан орамал таратудың "пайдасыз" екенін айтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Оңайгүл Тұржан/Facebook

Фото: Оңайгүл Тұржан/Facebook

"Үйде бір сөмке орамал бар. Кәдімгі упаковкасымен тұрған. Қайдан келген дейсіз ғой.

Қонаққа, асқа, тойға, шілдеханаға, тұсаукесер-бесік тойға, есік тойға, туған күнге, тағы бірдеме күнге барғанда берген орамалдар.

Сіздің үйде де солай шығар.

Айтайын дегенім, "орамал тон болмайды, жол болады" деген мақалды тура мағынасында түсінеміз деп, орамал сыйлай бергенбіз ғой. Өзім де талай жерге талай орамал апардым. Соңғы 5-6 жылда ол әдетімді қойдым. Мәселе, мынада. Осы орамалдарды сатып алуға біздің қазақ қанша ақшасын жұмсады екен?

Қазақтардың тойға деп, садақаға деп, асқа деп орамал тарататынын біліп алған қытай мен түрік бізге өздерінде тиын тұратын синетика орамалдарын сатып, байып жатыр. Базар толған орамал. Үй толған орамал.

Менің осы мәселені айтқан инстаграм парақшамдағы жазбама түрлі-түрлі пікірлер келді.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Бір әйел "пакетке салып, қоқыс жәшіктің қасына қойып кетем" депті. Бір келіншек "пакетке салып қоқысқа лақтырам" деп жазды.
Бір әйел "не істейтінімді білмеймін, тастауға обалсынам, тастамайын десем, пакет-пакет болып жиналып тұр" дейді.
"Өзі пайдаланбайтын түкке керегі жоқ орамалды той-садақада, аста таратуды қою керек" дейді. Бір қырғыз келіншек "жинап-жинап өртеп жіберем" дейді.

Әйтеуір орамал "шапқыншылығы" деген кәдімгідей мәселеге айналды. Сосын бір не көйлек тігуге жарамайтын, не малға жабу жасауға жарамайтын, не мата деуге келмейтін өтірік-вилюр синтетика мата бар шеті жоқ. Оны да қытай мен түріктер және өзбектер жасайды және біздің қазақ соны құлаш-құлаш алып, тағы да сол той-садақа, ас бергенде қолыңа пакетке салып ұстатып жібереді. Резеңкенің иісі үйдің ішін алып кетеді.

Қазақ үшін де, қырғыз үшін де орамал ең қасиетті нәрсе.

"Қыз Жібекті ойласаң нең кетеді, Орамалы тұрады бес жүз жорға" деп құнының қандайлығын айтып, жырға қосқан орамалдың құнын не қылып жібердік?

Егер той бастар деп, ас бергенде тағы бірдеңе деп орамал тарату әдетімізді қоя алмайтын болсақ, қыздар, орамал жасау цехын біреуіңіз ашсаңыздаршы. Әйтеуір, өз ақшамыз өз мемлекетімізде қалады ғой. Қысқасы, еш құны қалмаған синтетика-резеңке орамал, синтетика-резеңке "өтірік" мата таратуды қойыңыздаршы, ханымдар!" - деді Оңайгүл Тұржан Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетсек, осыған дейін белгілі журналист, редактор Назгүл Қожабек жалғызбасты нәзік жандыларға не керек екенін жеткізген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Желі белсендісі үйіне келгендерге орамал ұстатып жібертіндерге назын айтты