Выйти
RU

Филиалдары 14 өңір мен 17 қалада: Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері еліміздің 14 аймағы мен 17 қаласында филиалы бар қаржы пирамидасы қызметінің жолын кесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Ведомство мәліметінше, ұйым 2019 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеп келген және елімізде 22 өкілдігі бар.

Олардың қызметі жайлы да айтылды.

Яғни ұйым бағалы мүлікті сатып алғысы келетін азаматтарға 180 мың теңге көлемінде кіру жарнасын төлеу, содан кейін ай сайын 50 мың теңгеден 10 ай бойына төлем жасауды ұсынған.

Салынған 180 мың теңгенің 100 мың теңгесі клиенттің шотында қалса, 80 мың теңге арнайы құрылған шотқа аударылып отырған.

Хабарламада ұйымның қызметінде міндетті кіру жарнасы, әрбір жаңадан тартылған қатысушы үшін бонустардың төленуі, БАҚ-та жаппай жарнама жасау, интернет кеңістікте бір алушыға көптеген жіберушілерден жасалған ақша аударымы сияқты қаржы пирамидасының барлық белгілері көрініс тапқаны айтылған.

Белгілі болғандай, бұл ұйымға адамдар 3,9 миллиард теңге салып үлгерген.

Осы іске байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске сала кетсек, осыған дейін елімізде бір топ өнер жұлдыздары "Ломбард 24" жарнамасына түскені үшін халықтан кешірім сұраған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Филиалдары 14 өңір мен 17 қалада: Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды