Выйти
RU

"Инсульт алды": Бағлан Әбдірайымов анасы үшін дұға еткен көпшілікке алғыс айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желіде анасы сырқаттанып қалып, отаға дайындалып жатқанын хабарлаған болатын. Көпшіліктен оның амандығы үшін дұға етуін сұраған әнші бүгінде жақсы жаңалығымен бөлісті. Ол операция сәтті өткенін айтып, өзіне қолдау көрсеткен адамдарға алғысын білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бағлан Әбдірайымов анасының тез сауығып кетуін тілеген қалың көпшілікке алғыс айтып, арнайы видео түсірді. Бейнежазбамен ол Instagram парақшасында бөліскен.

"Ассаламағалейкум, құрметті ағайын, бауырлар, достар. Осыдан бірнеше сағат бұрын анамызды отаға алып кеткенін айтып өткен едім. Үш сағаттан кейін жақсы жаңалықты естіп, мәз болып отырмыз. Әуелі Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын. Одан кейін тілекші болған өздеріңізге мың да бір рахмет. Өз туыстарыма, нағашыларыма үлкен рахмет айтқым келеді. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласындағы достарыма, бауырларыма көп-көп рахмет. Және де ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлеріне мың алғыс. Әрбір отбасыда аналарымыз аман болсын. Алла тағала тек жақсы күндерде қауышуды нәсіп етсін" , - деді әнші.

Оған қоса, эстрада жұлдызы анасының ауруханадағы суреттерін жариялаған.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Инсульт алды": Бағлан Әбдірайымов анасы үшін дұға еткен көпшілікке алғыс айтты