Выйти
RU

Екі метр бойы үшін қатарластарының мазағына айналған ару модель атанды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Британиядан шыққан 22 жастағы сЛовелл мектеп кезінен бойының тым ұзындығынан үнемі қатарластарының күлкісіне қалып жүретін. Тек ол модель атанған ғана ұзын бойының шын мәнінде оны өзгелерден ерекшелендіріп тұратынын түсінген деп жазады KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ке сілтеме жасап.

Екі метр бойы үшін қатарластарының мазағына айналған ару модель атанды

Фото: instagram.com/naomi.c.lovell

Бойының ұзындығы Наомидің жеке өміріне де әсер еткен. Ол ешқашан жігіттермен қарым-қатынас құрып көрмеген.

Қазіргі таңда бойжеткен дәмханада даяшы болып жұмыс істейді әрі оған қоса модельдік салада алғашқы қадамдарын жасауда.

Қазіргі таңда Наоми өзін шынайы бақытты сезінеді. Себебі өзін бар қалпында жақсы көруді үйренген.

Наоми өткен өмірін өкінішпен еске алады. Айтуынша, ол бала кезінен қатарластарының сынына қалып жүрген. Ал мұғалімдер оны тек ұзын бойы үшін нетбол жарыстарына жіберіп тұратын. Алайда бойжеткен ешқашан ол спорттық ойынды ойнай алмапты.

Бұл Наоми өзіне деген сенімділігін одан әрі төмендетіп, балалық шағын қуанышпен еске алуға мұрша бермейді. Себебі барлығы кішкентай кезінен Наомиге тек бойы үшін ересек адамға қарағандай қарайтын болған.

Жуырда британиялық ару модельдік салада қызмет ете бастаған. Осыдан кейін бойжеткеннің өзіне деген сенімділігі арта бастаған. Онымен келісім шартқа отырған Uglys модельдік агенттігі ерекше келбетті арулармен ғана жұмыс істейді. Сол себепті Наоми өзін сұлумын деп есептейтін болған.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Наомидің ата-анасы мен сіңлілері орта бойлы. Олар Наомиге фотосессия ұйымдастырып берген, ал сол суреттердің арқасында ол модельдік агенттіктің назарын аударған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 108 келі болған бойжеткеннің адам танымастай өзгеріп кеткені туралы жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Екі метр бойы үшін қатарластарының мазағына айналған ару модель атанды