Выйти
RU

ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты екі адамның өмірін жалмады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Омбы-Майқапшағай тасжолында қайғылы жаңдай орын алды. Көліктер бетпе-бет соқтығысып, нәтижесінде екі адам оқиға орнында қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО-да жол апатынан екі адам қайтыс болды

Көрнекі фото: pixabay.com

Шар қаласынан Семейге қарай созылған тасжолдың 15 шақырымында жүргізушілердің бірі жол ережесін бұзып, жолақты кесіп, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. Апат салдарынан басқа көлікпен бетпе-бет соқтығысыпты.

Қарама-қарсы бағыттағы жолға шыққан көліктің жүргізушісі аман қалып, ауруханаға жеткізілді. Апаттың тағы төрт қатысушысы ауруханаға жеткізілді. 45 жастағы жүргізуші мен 65 жастағы жолаушы жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ, сараптама жүргізіліп, істің барлық жай-жапсары нақтыланып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Семейде белгісіз біреу жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып, белгісіз бағытта оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен ер адам жеңіл жарақаттар алса, келіншек оқиға орнында қайтыс болды.

Айта кету керек, Солтүстік Қазақстандағы Полудино ауылы маңындағы тас жолда 18 жастағы жігітті көлік қағып кеткен еді. Жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан, ал зардап шегуші ауруханада қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты екі адамның өмірін жалмады