Выйти
RU

Қырғызстан үкіметі үлкен даудан кейін таратылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Мухаммедкалый Абылгазиев үлкен дауға байланысты отставкаға кетуді шешті. Тиісті қаулыға Сооронбай Жээнбеков қол қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ Қырғызстан президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан үкіметі таратылды

Мухаммедкалый Абылгазиев. Фото: kabar.kg

Сайтта Жээнбеков премьер-министрдің отставкаға кету туралы өтінішін қабылдаған қаулыға қол қойғаны айтылады.

Мухаммедкалый Абылгазиевтің кетуіне байланысты ел үкіметі таратылады. Абылгазиев жоғары лауазымға 2018 жылдың сәуірінде тағайындалды, ол қызметін екі жылдан аса уақыт атқарды.

Үкіметтің басқа қызметкерлері жаңа министрлер кабинеті құрылғанша жұмыс істей береді.

Мамыр айында елдің үкіметі радиожиіліктерді құнын арзандату арқылы сататыны жайлы ақпарат пайда болған еді.

Бұл істе басты күдікті Абылгазиев ретінде танылды. Мәміле туралы жеткізген депутат оған үкімет басшысының рұқсаты керек екенін мәлімдеген. Кейбір есептеулер бойынша, Қырғызстанға бес миллиард сом (шамамен 66 миллион доллар) залал келтіріліпті. Бұл іс бойынша бірнеше адам ұсталды, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қызметкерлері де бар.

Экс-премьер-министр өзіне қатысты айыптауларды жоққа шығарып отыр. Ол бұл айыптауларға ешқандай негіз жоқ деп есептейді.

Ол осындай қиын-қыстау кезеңде үкімет үйлесімді жұмыс істеуі керек екенін, ал бұл жағдай органның жұмысына әсер етуі мүмкін екенін түсіндірді.

Сонымен қатар, Абылгазиев өзіне жоғары лауазымына байланысты тергеуге қысым көрсетті деген айып тағылғанын қаламайды.

Айта кетейік, коронавирус Қазақстан аумағында тарауын жалғастырып жатыр. Бүгінде елде коронавируспен ауырғандар саны 15 192-ге жеткен. COVID-19 инфекциясы отандық шенеуніктерді де айналып өткен жоқ. Қазір елде алты шенеуніктен вирус анықталса, алтауы өз-өзін оқшаулау режиміне көшкен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қырғызстан үкіметі үлкен даудан кейін таратылды