Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мүгедектер қатарында": Серікбол Сайлаубектің досы оның сырқаты туралы айтты

Опубликовано:

Серікбол Сайлаубекпен сегіз жыл бойы бірге жұмыс істеп келе жатқан досы әрі әкімшісі Ринат Тәттібай оның денсаулығына қатысты тың мәліметтермен бөлісті. Ол өнер иесінің ресми түрде мүгедектер қатарына тіркелгенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ринат Тәттібайдың сөзінше, Серікбол Сайлаубек денсаулығы сыр берсе де мойымайды. Ол ауырып тұрғанын ешкімге білдіргісі келмей, той-томалақтарда арын барып салып, халықты көңілін көтеруге тырысады.

Оған қоса, шоу-бизнес жұлдызының кемтар достары да бар болып шықты. Әнші оларға барынша рух беріп, жігерлендіріп тұратын көрінеді.

"Серікбол мүгедектер қатарында тіркелген. Мүгедектік зейнетақы алады. Бірақ, ол ешқашан өзін мүгедекпін, кемтармын, соқырмын деп айтпайды. Сол қасиеті өте қатты ұнайды. Оның кемтар достары өте көп. Ол керісінше, соларға мотивация беріп, қанаттандырып жақсы сөздер айтып жүреді" , - деді Ринат Тәттібай.

Айта кетейік, бұған дейін Серікбол Сайлаубек алғаш рет өзінің көзілдіріксіз келбетін көрсетіп, көпшілікті таңғалдырған еді. Өнер иесі нашар көретін көзіне осымен төртінші мәрте ота жасатып жатқанын айтты. Дәрігерлер алдағы уақытта оның көру қабілеті анағұрлым жақсара түсетінін болжауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1860628-mgedekter-katarynda-serikbol-sajlaubekti-dosy-ony-syrkaty-turaly-ajtty/

pixel