Выйти
RU

Қырғызстан үкіметін сайлауға дейін кім басқаратыны белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның жаңа премьер-министрі сайланғанша, үкімет басшысының қызметін Кубатбек Боронов атқарады. Парламент оның кандидатурасын мақұлдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы 24.kg-ға сілтеме жасап.

Кубатбек Боронов. Фото: 24.kg/ Жогорку Кенеш баспасөз қызметі

Кубатбек Боронов. Фото: 24.kg/ Жогорку Кенеш баспасөз қызметі

Парламенттік көпшілік коалициясы Бороновтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Коалиция көшбасшысы Омуркулов Борановтың Жогорку Кенеш сайлауына дейін үкіметті басқаратынын атап өтті.

Сондай-ақ басылым жаңа үкіметтің құрылымы мен құрамы бекітіліп қойғанын жазды.

Айта кетейік, премьер-министрдің қызметін атқаратын Боронов 56 жаста. Осыған дейін ол үкімет басшысының бірінші орынбасары болған. Сондай-ақ ол КВИ-ға қарсы күрес бойынша республикалық штабты басқарады.

24.kg басылымының ақпарынша, Боронов генерал-мойор болып табылады, сондай-ақ "ауылшаруашылық құрылысы" мамандығы бойынша дипломы бар.

Кезінде зауытта тас қалаушы, инженер, директор болып қызмет еткен.

Кейінен азаматтық қорғаныс штабына ауысып, ТЖМ өңірлік басқармасының басшысы қызметін атқарды. Сосын аталған ведомство басшысының орынбасары, ал 2011 жылы елдің төтенше жағдай министрі болды.

Екі жыл бұрын Боронов премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қырғызстан үкіметі үлкен даудан кейін таратылған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қырғызстан үкіметін сайлауға дейін кім басқаратыны белгілі болды