Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

16 жасында көз жұмған футболшының достары соңғы голын соғуға көмектесті

Опубликовано:

Мексикада 16 жасында өмірден өткен жас аяқдоп шеберінің достары оған ақырғы голын соғуға көмектесіп, соңғы голды барлығы бірге тойлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

16 жасында марқұм болған футболшының достары соңғы голын соғуға көмектесті
Фото: adidas.com: Depositphotos

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, жас жеткіншек полиция қызметкерлерінің қолынан қаза болған. Полицей Александр Мартинесті қылмыскер деп ойлап, оқ атқан.

9 шілде күні қаза тапқан 16 жастағы мексикалық футболшының бір клубта ойнайтын достары марқұмды ерекше түрде еске алды.

Бозбалалар досы жатқан табытты футбол алаңына әкеліп, Александрға соңғы гол соғу мүмкіндігін ұйымдастырған. Достарының бірі Мартинеске пас беріп, доп табыттан кері серпіліп, қақпаға соғылды. Клубтастары табытқа жабыса кетіп, голды тойлады.

Жас бала Оахака қаласында достарымен бірге сусын сатып алу үшін дүкенге бара жатқанда полиция оны атып өлтірген. Тәртіп сақшылары оны қылмыскер деп қателескен. Осыдан кейін наразылықтар басталып, жүздеген адам баланың жаназасына келді.

Еске сала кетсек, Таиландтың Утайтани провинциясында енесін атып өлтірген азамат өзіне қол салу туралы ойынан айнып қалғаны туралы жазған едік.

Елімізде Түркістан облысында Біркөлік демалыс аймағына демалуға барып, тауға шыққан бір топ баланың үшеуі жоғалып кеткен. 16 маусым күні құтқарушылар жоғалғандардың бірінің денесін тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1860641-16-zasynda-kz-zmgan-futbolsyny-dostary-sogy-golyn-soguga-kmektesti/

pixel