Выйти
RU

Коронавирус: Ақтөбеде көз жұмған 65 жастағы тұрғын қалалық зиратқа жерленеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде 65 жастағы тұрғын коронавирус инфекциясынан көз жұмды. Егде жастағы адам ауру асқынғанан кейін ғана дәрігер көмегіне жүгінген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өңірде жағдайы нашарлағаннан кейін ғана дәрігер шақыратындардың көбейгеніне алаңдайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбеде коронавирустан көз жұмған 65 жастағы тұрғын қалалық зиратқа жерленеді

Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазіргі уақытта стационарға науқастардың ауыр жағдаймен түсіп жатқанын байқап отырмыз. Жансақтау бөлімінде 16 адам жатыр. Оның алтауы жасанды өкпе апаратына қосылды. Бір науқас көз жұмды. 65 жастағы тұрғын маусым айының басынан бастап ауырған. Төрт күн бойы үйінде емделген.
Дене қызуы көтеріліп, тыныс алу жетіспеушіліктері пайда болғаннан кейін ғана жедел жәрдем бригадасын шақырған. Жасалған емдік шараларға қарамастан жағдайы күрт нашарлап, тыныс алу жетіспеушілігінің артуына байланысты көз жұмды. Денесі өңдеуден өткізіледі. Бөлек жерлеудің қажеті жоқ. Барлық эпидемиологиялық талаптар сақтап, қаладағы бейіттерде жерлеу рәсімін жасауға болады»,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Марқұм туыстарының арасында дерт жұқтырғандар жоқ.

Бүгінде Ақтөбе облысында 685 адамнан COVID-19 белгісі анықталды. Оның 147-сі симптомсыз түрімен. 

Осы уақытқа дейін 393 тұрғын емделіп, үйіне шыққан. Өңірде жалпы індет жұқтырған балалардың саны – 54. Оның ішінде 50 жасөспірім емделіп үйіне шықты. Қазір ауруханада тек төрт жасөспірім ғана ем алып жатыр.

Айта кетейік, коронавирус Қазақстан аумағында тарауын жалғастырып жатыр. Бүгінде елде коронавируспен ауырғандар саны 15 192-ге жеткен. COVID-19 инфекциясы отандық шенеуніктерді де айналып өткен жоқ. Қазір елде алты шенеуніктен вирус анықталса, алтауы өз-өзін оқшаулау режиміне көшкен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Ақтөбеде көз жұмған 65 жастағы тұрғын қалалық зиратқа жерленеді