RU

Ақтаудағы оқиғадан соң саябақта жылқыны жалға беруге тыйым салынды

Екі күн бұрын Ақтаудағы "Ақбота" саябағында жылқы есінен танып қалған еді. Енді саябақта аттарды жалға беруге тыйым салынды. Қала әкімдігі осындай шешім қабылдады деп жазады KAZ.NUR.KZ Ақтау әкімдігінің ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Ақтаудағы оқиғадан соң саябақта жылқыны жалға беруге тыйым салынды
Фото: Әлеуметтік желіден: Getty Images
"Қала тұрғындарының қалалық "Ақбота" паркіндегі серуендеу орындарының жеткіліксіздігіне, сондай-ақ парктегі жануарлардың көптігінен жарақаттанған жағдайлардағы шағымдарына байланысты “Ақбота” МКК аумағында жылқыларды, пони және т.б. жануарларды жалға беретін кәсіпкерлердің жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта олармен жасақталған келісімшарттар, сондай-ақ аталған кәсіпкерлердің рұқсат құжаттары жоқ, яғни олар кәсіпкерлік қызметті заңсыз жүзеге асырған. Бұл туралы оларға тиісті хабарламалар берілді. Бұдан өзге, учаскелік инспекторлармен бірге “Ақбота” МКК қызметкері бірлесіп мониторинг жүргізеді.
Бұл мәселе жақын арада өтетін қоғамдық тыңдауда қаралатын болады", -деді әкімдіктің баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, куәгерлердің сөзінше, 14 маусымға қараған түні Ақтаудағы саябақтардың бірінде күймеге жегілген жылқының естен тануына ыстық күнде тынымсыз жұмыс істеуі себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1860650-aktaudagy-okigadan-so-saabakta-zylkyny-zalga-beruge-tyjym-salyndy.html