Выйти
RU

Атырау облысында коронавирустан екі адам көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облысында екі адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Атырау облысында Covid-19 инфекциясынан 55 жастағы ер адам қайтыс болды. Науқас ауруханаға түскенге дейін 5 күн бойы өзін жайсыз сезінген екен.

Ауруханаға жеткізілгенде, оның жағдайы аса ауыр деп бағаланды. Ер адамда интоксикация синдромы мен тыныс алу жеткіліксіздігі байқалған.

Дәрігерлер қанша тырысқанымен, науқасты аман алып қала алмады.

Сонымен қатар, өңірдің тағы бір азаматы – 57 жастағы Құлсары тұрғыны да вирустан көз жұмды. Ол да ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Интоксикация синдромы мен тыныс алу жеткіліксіздігі бұл азаматтан да байқалған екен.

Дәрігерлер реанимациялық шараларды қабылдаған, алайда, өкінішке орай, науқасты аман алып қалу мүмкін болмаған.

Оның диагнозы – "коронавирус, екіжақты полисегменталды пневмония".

Айта кетейік, Қазақстан бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны 15 мыңнан асты. Өткен тәулікте тағы 383 адамнан инфекция анықталған.

Сонымен қатар, қазіргі таңда алты шенеуніктен вирус анықталып, тағы алтауы өз-өзін оқшаулау режиміне көшкен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырау облысында коронавирустан екі адам көз жұмды