Выйти
RU

Алматыдағы ADK маңында өрт шықты: Адамдар эвакуациялануда (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астананың Бостандық ауданындағы ADK сауда ойын-сауық кешені аумағында өрт шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видеодан кадр: Instagram / megapolis.kz

Видеодан кадр: Instagram / megapolis.kz

Бүгін, 16 маусымда сағат 18.45-те өрт сөндірушілер оқиға орнына аттанды.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазіргі уақытта адамдар қауіпсіз аймаққа көшірілуде. Белгілі болғандай, ғимараттың шатыры өртке оранған.

Жалын шарпыған аумақтың көлемі анықталуда. Оқиға орнында жеке құрамның 67 қызметкері мен 25 техника бірлігі жұмыс істеуде.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Тілсіз жау сағат 19.36-да ауыздықталды.

Фото: Алматы ТЖД

Фото: Алматы ТЖД

Фото: Алматы ТЖД

Фото: Алматы ТЖД

"Өрттің ADK сауда орталығына қатысы жоқ. Ғимараттың артында кәсіпорын орналасқан. Онда құрылыс панельдерін өндіретін цех жұмыс істейді. Гидравликалық май өрткенген.
Өрт ауыздықталды", – дейді Алматы қаласының ТЖД бастығы Серік Әубәкіров

Еске сала кетейік, бұған дейін Елордаға жақын орналасқан Аstana Resort демалыс аймағы өртке оранғанын хабарлағанбыз. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 45 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, Astana Resort эко-кешені Жібек жолы ауылында орналасқан, ал бұл ауылдың аумағы негізі Ақмола облысына қарасты, бірақ демалыс орны елордадан жарты сағаттық жерде орналасқан.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Кешен аумағында 3 қонақ үй, сауна және асхана бар. Төтенше жағдай кезінде онда 30 қонақ пен демалыс аймағының 15 қызметкері болыпты.

Сондай-ақ бұған дейін Шымкент қаласындағы "Бекжан" базарында өрт шыққанын жазғанбыз.

Белгілі болғадай, базардың алдындағы аяқ-киім сататын дүңгіршіктер өртке оранды. 280 шаршы метр аумақты жалын шарпыған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыдағы ADK маңында өрт шықты: Адамдар эвакуациялануда (фото, видео)