Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бірден 7 адам коронавирустан көз жұмды

Опубликовано:

2020 жылғы 16 маусымда елімізде бірден жеті адамның коронавирус инфекциясынан көз жұмғаны белгілі болды. Осылайша, Қазақстан бойынша қатерлі індеттен барлығы 88 адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: livekuban
Фото: livekuban: Facebook

Соңғы деректерге сәйкес, Түркістан облысында – 1945 және 1974 жылдары туған ер азаматтар,

Батыс Қазақстан облысында – 1932 жылы туған әйел және 1941 жылғы ер адам,

Қарағанды облысында – 1949 және 1939 жылдары туған ер азаматтар,

Алматы қаласында – 1965 жылғы ер адам инфекциядан көз жұмды.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Осылайша, Қазақстан бойынша барлығы 88 адам қайтыс болды. Соның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында – 15,

Алматы қаласында – 13,

Шымкент қаласында – 11,

Ақмола облысында – 6,

Ақтөбе облысында – 1,

Атырау облысында – 3,

Шығыс Қазақстан облысында – 1,

Жамбыл облысында – 1,

Батыс Қазақстан облысында – 6,

Қарағанды облысында – 9,

Қостанай облысында – 2,

Маңғыстау облысында – 2,

Павлодар облысында – 13,

Түркістан облысында – 5 адам коронавирустың құрбаны болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 119 науқастың жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860698-kazakstanda-birden-7-adam-koronavirustan-kz-zmdy/

pixel