Выйти
RU

Алматыда BMW X5 автокөлігі екі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ізін жасырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханаға қарама-қарсы бетте BMW X5 автокөлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Олар ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Оқиғаның куәгерлері атап өткендей, BMW X5 автокөлігі Райымбек даңғылымен батысқа қарай жүрген. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан кроссовер екі адамды қағып кетті деп жазды Sputnik Казахстан.

Басылымның мәліметінше, жақын жерде жерасты өткелі болғанына қарамастан, жаяу жүргіншілер тыйым салынған жерден жолды кесіп өтпек болған.

Белгілі болғандай, адамдарды қаққан BMW жүргізушісі тоқтамай, оқиға орнынан ізін жасырған. Алайда, жол-көлік оқиғасы орнында болжам бойынша аталған автокөлікке тиесілі мемлекеттік нөмір табылған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушісін іздестіруде.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмғанын хабарлағанбыз.

Қайғылы жағдай Омбы-Майқапшағай тасжолында орын алды. Көліктер бетпе-бет соқтығысып, нәтижесінде екі адам оқиға орнында қайтыс болды.

Шар қаласынан Семейге қарай созылған тасжолдың 15 шақырымында жүргізушілердің бірі жол ережесін бұзып, жолақты кесіп, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда BMW X5 автокөлігі екі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ізін жасырды