Выйти
RU

Ақмола облысында үш жігіт 12 жасар қызды зорлады деп күдіктелуде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

25-26 жас аралығындағы үш жігіт 12 жасар қызды зорлады деген күдікке ілініп отыр. Аталған қылмыс жөнінде Ақмола облысының ауыл тұрғыны мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Облыстық полиция жантүршігерлік оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, зорлық-зомбылық актілері өткен жылдың желтоқсанынан биылғы маусымға дейінгі аралықта болған деп жазды Sputnik Казахстан.

Құқық қорғаушылар мәлім еткендей, аталған іс бойынша күдікке ілінген үш адам ұсталып, изоляторға қамалған.

Бастапқыда тергеу 16 жасқа дейінгі тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу бабы бойынша қозғалған. Алайда, тың деректер пайда болғаны ескеріліп, іс зорлау бабына өзгертілді.

Аталған қылмыс үшін 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын айта кету керек.

Сондай-ақ полицейлердің айтуынша, ұсталған үш азамат жәбірленушінің туған ауылында тұрады.

Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайлары бойынша белсенді тергеу жүріп жатыр, бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалған.

Істі тергеу барысы Ақмола облысы ПД басшылығының бақылауында.

Еске сала кетейік, бұған дейін қылмыс құрамының болмауына байланысты 17 жастағы елордалық мүгедек қыздың зорлануына қатысты іс жабылғанын хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақмола облысында үш жігіт 12 жасар қызды зорлады деп күдіктелуде