Выйти
RU

Қызылорда облысында да карантин шаралары күшейтілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысында коронавирус індетінің таралуын алдын алу мақсатында 17 маусымнан бастап жаңа шектеулер енгізілді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы өңірдің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Тиісті құжатта өңірде вирустан соңғы 7 күн ішінде сырқаттанушылықтың өсу деңгейі 7 пайыздан асып, эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып бағаланғаны айтылған.

Осыған байланысты көпшілік іс-шаралар мен ұжымдық, жанұялық барлық жиындарды өткізуге тыйым салынды.

Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, басқа да кеңселер қызметі мамандарының кемінде 80 пайызын қашықтықтан жұмыс істеуге міндеттеді.

Сонымен қатар, жәрмеңкелердің, азық-түлік емес тауарлар, киім-кешек базарлары мен сауда орындарының жұмысы сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін шектелген.

Одан бөлек, қаулы мәтінінде Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша қоғамдық және адамдар көп жиналатын орындарда бетперде киюге міндетті екені көрсетілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова ауру белгілері жоқ коронавирусқа шалдыққан адамдарды емдеуге қандай тәсіл қолданылатынын айтып берген еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызылорда облысында да карантин шаралары күшейтілді