Выйти
RU

15542-ге жетті: Елімізде COVID-19 жұқтырған тағы 350 адам тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өткен тәулікте тағы 350 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 15542-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"16 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 87, Қарағанды ​​облысында - 52, Павлодар облысында - 41, Алматы қаласында - 35, Ақмола облысында - 22, Батыс Қазақстан облысында - 21, Атырау облысында - 17, Шығыс Қазақстан облысында - 12, Жамбыл облысында - 9, Шымкент қаласында - 9, Ақтөбе облысында - 8, Қостанай облысында - 8, Солтүстік Қазақстан облысында - 8, Алматы облысында - 7, Қызылорда облысында - 7, Маңғыстау облысында - 4, Түркістан облысында - 3 адамның коронавируспен ауырғаны белгілі болды. Өткен тәулікте Қазақстан бойынша ауру өсімі 2,3 пайызды құрады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге бірқатар елдерде, соның ішінде Қазақстанда инфекция жұқтыру деректерінің көбею себептеріне қатысты пікір білдірген болатын.

Ол Армения, Қазақстан және Әзірбайжан сияқты бірнеше елдің үкіметтері коронавирусқа қарсы тиісті шараларды уақытылы қабылдап жатқанын атап өтті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
15542-ге жетті: Елімізде COVID-19 жұқтырған тағы 350 адам тіркелді