Выйти
RU

Қылмыс әлемінің серкесін босатқаны үшін Атамбаев 15 жылға сотталуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бішкектің Бірінші май аудандық сотында қылмыс әлемінің белсендісі Азиз Батукаевты заңсыз босату ісі қаралып жатыр. Елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевтың адвокаты Замир Жоошевтың айтуынша, мемлекеттік айыптаушы экс-президентке 15 жыл түрме жазасын және барлық мемлекеттік марапаттаудан айырып, дүние-мүлкін тәркілеуді сұраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Centralasian.org қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыс әлемінің серкесін босатқаны үшін Атамбаев 15 жылға сотталуы мүмкін

Алмазбек Атамбаев. Фото: www.centralasian.org

Адвокаттың сөзінше, сот үкімі 18 маусымда жарияланбақ.

Батукаевты заңсыз босатты деген іс бойынша 19 адам жауап беріп жатыр. Оның ішінде 4 басты күдікті бар, солардың бірі - Алмазбек Атамбаев.

Қылмыс әлемінің белсендісі Азиз Батукаев 2013 жылы Нарын түрмесінен дәрігерлердің қатерлі ісік ауруымен ауырады деген анықтамасы бойынша мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан. Сол күні ол Грозный (Шешенстан, Ресей) қаласына ұшып кеткен.

2019 жылы елдің ішкі істер министрлігі бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмысын бастаған.

Басты айыпталушылар - елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев. Бұрынғы бас прокурор Индира Жолдубаева, Жазаларды атқару мемлекеттік қызметі төрағасының бұрынғы кеңесшісі Калыбек Качкыналиев пен Гематология орталығының бұрынғы директоры Абдухалим Раимжанов.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қылмыс әлемінің серкесін босатқаны үшін Атамбаев 15 жылға сотталуы мүмкін