RU

Коронавирус: Елімізде бір күнде ауру белгілері жоқ 683 адам анықталды

2020 жылғы 16 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус дертінің белгілері жоқ 683 тасушы тіркелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Осы сағатта елімізде жалпы ауру белгілері жоқ тасушылардың саны 6175-ке жетті:

Нұр Сұлтан қаласы - 774 (+86) Алматы қаласы - 907 (+27) Шымкент қаласы - 653 (+34) Ақмола облысы - 82 (+13) Ақтөбе облысы - 207 (+60) Алматы облысы - 402 (+42) Атырау облысы - 620 (+92) Шығыс Қазақстан облысы - 202 (+14) Жамбыл облысы - 94 (+8) Батыс Қазақстан облысы - 379 (+57) Қарағанды ​​облысы - 951 (+97) Қостанай облысы - 58 (+4) Қызылорда облысы - 159 (+1) Маңғыстау облысы - 212 (+18) Павлодар облысы - 64 (+5) Солтүстік Қазақстан облысы - 141 (+9) Түркістан облысы - 270 (+116)

Cоңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 15542-ке жетті. Олардың 9647-сі дертті жеңіп, ауруханадан шықса, 88 науқас көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова ауру белгілері жоқ коронавирусқа шалдыққан адамдарды емдеуге қандай тәсіл қолданылатынын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1860725-koronavirus-elimizde-bir-knde-auru-belgileri-zok-683-adam-anyktaldy.html