Выйти
RU

"Арын ақшаға айырбастаған": Карантинде ШҚО сауналарының бірінде 11 жезөкше ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері бір күндік тексеру кезінде саунада тәнін саудалаған 11 қызды анықтады. Арын ақшаға айырбастағандар карантин шектеулерін де елемеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: donbass.comments.ua

Көрнекі фото: donbass.comments.ua

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, саунада жезөкшелікпен айналысқан 11 қызға айыппұл салынбақ.

Одан бөлек, сауна әкімшісі делдалдықпен айналысты деген күдікке ілінген. Егер оның кінәсі дәлелденсе бес жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін.

"47 жастағы әйел 20 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға үгіттеген деп айыпталуда. Семейдегі қонақ үйдің 55 жастағы әкімшісі делдал болғаны үшін жауапқа тартылмақ. Жалпы тексеру кезінде мұндай екі дерек анықталған", - деді облыстық криминалдық полиция департаментінің басшысы Талғат Исаев.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, осыған дейін Шымкент қаласында жезөкшелікпен айналысқан төрт қыз бен оларды клиенттерге "сатып отырған" жеңгетайлар қолға түскенін хабарлаған болатынбыз.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 309 бабы 1 тармағымен (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Арын ақшаға айырбастаған": Карантинде ШҚО сауналарының бірінде 11 жезөкше ұсталды