Выйти
RU

Трамп АҚШ полициясын реформалау жөніндегі жарлыққа қол қойды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ президенті полицияны реформалау жөніндегі жарлыққа қол қойды. Одан бөлек АҚШ Конгрессінде полиция жүйесін реформалау туралы заң жобасы қаралып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Centralasian.org қызметіне сілтеме жасап.

Трамп АҚШ полициясын реформалау жөніндегі жарлыққа қол қойды

Дональд Трамп. Фото: centralasian.org

Сейсенбі күні қол қойылған АҚШ президенті Дональд Трамптың жарлығына сәйкес, полиция департаменттеріне бөлінетін гранттардың мөлшері өзгереді.

Сонымен бірге кадр таңдауда да асқан сақтық талап етілген. Полиция саласына бұрын заң бұзған адамар алынбауы керек.

Айта кетерлігі, Ақ үйде өткен жарлыққа қол қою рәсіміне елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полициямен қақтығысып, қаза тапқандардың туыстары да қатысты.

Президент тәртіп сақшыларының қоғам алдында есеп беруге тиіс екенін және олардың кәсіби біліктілігі мен моральдық талаптарының көтерілуі туралы мәлімдеді.

Трамп өз сөзінде Барак Обаманы сынға алып, оның бұл салаға реформа жасауға талпынбағанын, сол себепті бұл реформаны қазіргі президент жасап жатқанын жеткізді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Трамп АҚШ полициясын реформалау жөніндегі жарлыққа қол қойды