Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарт әжейдің соққыға жығылуына қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Опубликовано:

Алматы облысының тәртіп сақшылары Жетіген ауылында тұратын 79 жастағы тұрғынның соққыға жығылу оқиғасына қатысты мән-жайды анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ, instagram.com/novosti.kz
Фото: NUR.KZ, instagram.com/novosti.kz: Instagram

Басында құқық қорғаушылар зейнеткердің өзімен сөйлескен. Ол үйінде жалғыз тұратынын, құлап қалып, барлық жарақатты өзі алғанын айтыптыы.

Егде жастағы әйел адам сот-медициналық сараптамадан өтуден және полицияға арыз жазудан бас тартқан.

Алайда тәртіп сақшылары бұл эпизодты денсаулыққа орташа зиян келтіру бойынша тіркеп, тергеу бастады.

Көп ұзамай полицейлер 70 жастағы тағы бір ауыл тұрғынының ізіне түсті. Ол тәртіп сақшыларына танысымен ұрысып қалғанын, содан соң оны күректің сабымен ұрғанын мойындады.

Полиция қызметкерлері күректің сабын тәркілеп, аталған нұсқаны тексеру үшін сараптамаға жіберді.

Еске сала кетейік, бұған дейін желідегі Novosti.kz тобында бет-аузы көгерген егде жастағы кісінің суреті тараған болатын. Жазбада Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылында 14 маусым түнде белгісіз ер азамат пен әйел қарияның үйіне терезесін сындырып кіргені айтылған.

Алматы облысының полиция департаменті аталған жайтқа қатысты пікір білдіріп өтті.

Құзырлы органның мәліметінше, 79 жастағы әжей 14 маусымда көптеген жарақатпен Іле ауданының ауруханасына түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860732-kart-zejdi-sokkyga-zygyluyna-katysty-okigany-mn-zajy-belgili-boldy/

pixel