Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бостандыққа шыққан Бишімбаевтың немен айналысып жүргені белгілі болды

Опубликовано:

Өткен жылы қазан айының басында бостандыққа шыққан бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың қазіргі уақытта немен айналысып жүргенін анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Қуандық Бишімбаевтың жеке парақшасы
Фото: Қуандық Бишімбаевтың жеке парақшасы: Instagram

Бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпты деп танылған экс-министр рақымшылыққа ілінген соң, өзінің тұрғылықты жерінде пробациялық бақылауда болады.

Azattyq Rýhy таратқан ақпаратқа сәйкес, Қуандық Бишімбаев Facebook-nегі парақшасын істі болып жатқанда да өшірмеген.

Ол бостандыққа шыққан соң, екі айдан кейін әлеуметтік желідегі белсенділігін арттырды.

Скриншот. Қуандық Бішімбаевтың жеке парақшасынан
Скриншот. Қуандық Бішімбаевтың жеке парақшасынан: Instagram

Бұрынғы экономика министрі көбінесе классикалық музыка мен өзі оқып жатқан кітаптар туралы мәліметтермен бөлісіп отырады.

Скриншот. Қуандық Бішімбаевтың жеке парақшасынан
Скриншот. Қуандық Бішімбаевтың жеке парақшасынан: Instagram

Бишімбаев елдегі экономикалық жаңалықтар туралы да пікірін жазып отырады. Оның соңғы жазбасынан Startup-пен байланысты жобаларды қолға алғанын байқау қиын емес.

"Ай-ти стартап үшін күш-қуаты тасыған және амбициясы басым жетекші керек. Жекеге жазыңыздар", - деп 10 маусым күні жазба қалдырған ол.

Статусында көрсетілген мәліметтерден бұрынғы министрдің елордада тұратыны белгілі.

Естеріңізге салсақ, Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбев 2018 жылдың наурыз айында 10 жылға сотталған болатын.

Оған мемлекет қаржысын жымқырып, пара алды деген айып тағылған. Шешімге сәйкес, бұрынғы шенеунік орденінен айырылып, мүлкі тәркіленген еді. Сонымен бірге, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

2019 жылдың 4 қаңтарында Қуандық Бишімбаев Шымкенттегі қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесіне ауыстырылған болатын.

Ал 2019 жылы 13 ақпанда экс-министр президент жарлығымен рақымшылыққа ілініп, жазасын өтеу мерзімі 10 жылдан 4 жылға қысқарған.

Осыған байланысты бұрынғы шенеунік қазан айының он бірі күні бостандыққа шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860744-bostandykka-sykkan-kuandyk-bisimbaevty-nemen-ajnalysyp-zrgeni-belgili-boldy/

pixel