Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесі мені ұнатпады": Екінші рет тұрмыс құрған Әсел Асқар жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Белгілі әнші Бүркіттің атышулы қарындасы екінші мәрте тұрмысқа шығу өзіне тым ауыр тигенін жайып салды. Әсел Асқар жаңа отбасында тап болған қиындықтарға әлі де төзіп келе жатқанын айтты. Желі жұлдызы ешкімнің пікірін елемей, сүйіктісімен қосылса да, қайын атасы мен күйеуінің өзге туыстарының разылығын толығымен ала алмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/assel.askar. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/assel.askar. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әсел Асқар қайын жұрты өзін әлі де келін ретінде мойындағысы келмейтінін ашып айтты.

Бүркіттің қарындасы ғашығымен бақытты ғұмыр кешу үшін үлкен тәуекелге барып, туыстар тарапынан айтылып жатқан сындарға шыдап келе жатқанын алға тартты.

Актрисаның сөзінше, қайын атасы бұған дейін тұрмыста болған әйелді өзіне келін еткісі келмеген. Ол соңына дейін қарсы болғанымен, ұлы өз райынан қайтпағанға ұқсайды.

"Олар мені жақсы көрмейді. Бірақ, бұл мен үшін аса маңызды емес. Бұл жазба мені және менің өмірімді өзіне арман етіп алған аруларға арналады. Менің отбасылы әйел атанғаныма бір жыл болды.

Күйеуі бар келіншек мәртебесі менің әлеуметтік өмірімді анағұрлым жеңілдете түскені рас. Алайда, мұның астарында не бар екенін тек бір өзіме ғана мәлім.

Өз сүйіктімнің қасында болу бақытымның құны қандай екенін білсеңіздер ғой.

Негізі, ресми түрде заңды әйел атану маған аса керек те емес еді. Бірақ, салт-дәстүр мен менталитет соны талап етті. Сырттан бәрі оңай көрінетін шығар. Өзімен-өзі рахаттанып өмір сүрді, екінші рет тұрмысқа шықты. Оған қоса, бұған дейін үйленбеген жігіттің жары атанды.

Екінші мәрте тұрмысқа шығып, мен көптеген ажырасқан әйелдерге үміт сыйлағандай болдым. Алайда, бәрі шын мәнінде қалай екенін айтып берейін.
  • Біріншіден, күйеуімнің туыстары мені әлі күнге дейін жақсы көрмейді және оның жары ретінде мойындамайды.

Олар бұл туралы ашық айтпайды. Бірақ, мені көрген кездегі күлкілері мен артымнан айтып жататын әңгімелерінен бәрі де байқалады. Олардың айтып жүрген сөздері маған және менің жолдасыма да жетіп отырады. Бұл жағдай күйеуімнің көңіліне қаяу түсіреді.

  • Жолдасымынң әкесі маған соңына дейін қарсы болды. Ол мені ұнатпады.
Оны кінәламаймын. Ол өздігінше жалғыз ұлының тағдыры үшін алаңдайды. Ал мен ол үшін нағыз "қауіптің" өзімін.

Уайымға толы әңгімелер мен оның ақыл-кеңесі күйеуімнің көңіл күйіне де, біздің арақатынасымызға да елеулі түрде әсер етеді.

Бірақ, мен бәріне төзіп келемін. Қайын жұртым жолдасымның бір бөлшегі болғандықтан, оларға сыйластық таныту - парызым. Бірақ, мен оларға ұнау үшін жағымпазданбаймын" , - деп жазды ол Instagram желісінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1860747-kesi-meni-natpady-ekinsi-ret-trmys-krgan-sel-askar-zanajkajyn-zetkizdi/

pixel