Выйти
RU

Үй қабырғасынан шығатын шу әбден мазасын алған қожайын жаға ұстады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жәндіктер маманы Дэвид Гловер желіде таңғажайып оқиға туралы жазды. Айтуынша, ер адам өзгелердің үйіне ұя салған араларды көшірумен айналысады екен. Алайда оның басынан өткен соңғы жағдай Дэвидтің үрейін қашырыпты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Үйінің қабырғасынан шығатын шуға шағымданған иесі жаға ұстады

Фото: facebook.com/TheBartlettBeeWhisperer

АҚШ-тың Теннесси штатындағы Юрикатон ауылының тұрғыны ұзақ уақыт бойы үйінің қабырғасынан біртүрлі дауыстарды естіген.

Шулы дыбыс оның мазасын алып, тыныш ұйықтауына кедергі келтіріпті. Сол себепті ер адам Дэвидтің көмегіне жүгінуге шешім қабылдайды.

Арнайы маман оқиға орнына келген кезде сыртта бірнеше араның ұшып жүргенін көрген. Алайда жұмысына кіріскен кезде ғана қабырға ішінен ұзындығы 2,5 метр ара ұясын байқапты деп жазады Bored Panda басылымы.

Қорғаныш костюмін киген Дэвид бірден жұмысқа кірісіп кетеді.

Тоғыз сағаттан кейін ер адам аралардың бұл үйге ұя салғанына шамамен 50 жыл болғанын мәлімдейді.

Маманның әңгімесі оқырманға ұнағаны сонша, оны 145 мың адам сақтап алды. Сондай-ақ, желідегілер Дэвидтің адамдар үшін маңызды қызмет атқарып келе жатқанын да сөз етті.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Естеріңізге сала кетейік, үйін джунглиге айналдырған жігіт желідегілерді таңғалдырғаны туралы жазған болатынбыз.

Ұлыбританияның Лестершир қаласының 20 жастағы тұрғынын әлемдегі жауапкершілігі мол жандардың бірі деп атауға болады. Жігіт өз пәтерінде 1400-ге жуық өсімдік өсіріп келеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үй қабырғасынан шығатын шу әбден мазасын алған қожайын жаға ұстады