Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сіздей адам жоқ екен": Танымал продюсер Бейсен Құранбек туралы естелігімен бөлісті

Опубликовано:

Белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбекпен он жылдан аса бірге жұмыс істеген телепродюсер оған деген сағынышын жеткізді. Танымал журналистің туған қарындасындай болып кеткен Әлия Құдайберегенова ағасын есіне алып, оның бір жыл бұрынғы видеосымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aliya.kudaibergenova/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aliya.kudaibergenova/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Телевизия саласындағы жақынының қазасы Әлия Құдайбергеноваға аса ауыр тиген. Ол әлі күнге дейін оның өмірден өткеніне сенгісі келмейді.

Белгілі телепродюсер өзінің Instagram парақшасында Бейсен Құранбек туралы кезекті жазбасын жариялап, ол туралы естелігімен бөлісті. Ол танымал журналистің құпия сақтай білетін әрі өсек-аяннан аулақ жүретін адам болғанын жазды.

Оған қоса, Құдайбергенова тележүргізушінің бір жыл бұрынғы видеосын жариялады.

"Сіздей адам жоқ екен, осыған көзім жете бастады. Бірде ағаның атын атап, қолайсыздау бір жазбалар жазып, сыртынан біраз сөз айтқан адамды жерден ап, жерге сап, шыр-пырымыз шығып отырғанбыз. Аға кіріп келді. “Туысқандар, қалайсыңдар!” деп. Арқасындағы зілдей (іші толы кітап) рюкзагын терезенің алдына қоя салды да, өзі редакцияның бір бұрышында тұрған диванға жайғасты.

Айтқымыз келіп отыр, әлгі жазба жайлы. Айта алмаймыз. Бір кезде әйтеуір, ебін тауып айттым-ау. Және “дәл қазір өзіне звандап айтыңыз, екіжүзділігін” деймін ғой, зілденіп.

Аға түк таңғалмастан, тура суреттегідей жымиып қана: “Әлеке, көрдім оны. Ерунда. Жақсы жігіт ол, әлі-ақ түсінеді қатесін. Оған бола көңілдерің түспесін” дей салды. Болды, тема жабылды.

“Ағаның алдында бір адамды жамандап, сыртынан сөз етудің қажеті жоқ. Бәрібір қосылмайды. Түк естімеген адамдай монтиып отыра береді” деп күлетінбіз.
Рас! Адам деген солай да тәрбиелейді екен ғой, жан-жағын. Ағаға сырын айтпаған, мұңын шақпаған адам кемде-кем шығар?! Соның бірін де сыртқа шығармайтын. Біреуге кектену, біреуден қарымта қайтару, тістену, кекету, жөн-жосықсыз өкпе-реніш деген атымен жоқ еді ғой, ағада.

Кімнің, ненің болса да көлеңкелі тұсын емес, күнгей бетін көретін. Бізге де күн сайын осыны айтатын. Өтірік айтқан, уәдесінде тұрмаған адаммен жаны қас еді, бірақ. Әсіресе жігіттерді аямайтын. Сол заматында-ақ “мынауың еркектік емес, батыр!” дей салатын.

Ар, адалдық, тазалық, жақсылық, әділеттілік, шындық, ізгілік, мейірімділік сияқты қасиетті ұғымдар Сізбен бірге еді. Сіз сүрген өмірде бәрі таза қалпында қалыпты-ау!
Бәрін реттеп, бәрін өз орынына қойып кетіпсіз ғой, қарап отырсам. Сіз барда адамның бәрі жақсы еді, бәрі бірдей мейірбан еді. Сіз кеткелі біраз дүние өзгерді. Адамдар да. Уақыт өткен сайын, күн өткен сайын, тұлғаңыз биіктей түсті, ағау" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1860761-sizdej-adam-zok-eken-tanymal-produser-bejsen-kranbek-turaly-esteligimen-blisti/

pixel