Выйти
RU

Вирус таралуда: Қазақстанның қай қалаларында карантин күшейтілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің бірнеше аймағында коронавирус эпидемисына байланысты карантиндік шаралар күшейтілді. Облыстар мен қалалардың бас санитарлық дәрігерлерінің тиісті шешімдері жарияланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанның қай қалаларында карантин күшейтілді

Фото: NUR.KZ

Бір күн бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырған қазақстандықтардың саны 15 мыңнан асты. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты бірқатар өңірлердегі карантин режимі күшейтілген болатын.

Батыс Қазақстан облысында 15 маусымнан бастап карантиндік шаралар күшейтілді. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың қаулысында айтылған.

Соған сәйкес, қоғамдық көліктер барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін шектеулі режим шеңберінде жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар: медициналық-әлеуметтік мекемелер, түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары (9:00-ден 16:00-ге дейін), банктік қызметтер (9:00-ден 18:00-ге дейін), азық-түлік дүкендері (9:00-ден 22:00-ге дейін), базарлар (10:00-ден 16:00-ге дейін), ХҚКО, медициналық орталықтар, стоматологиялық клиникалар, азық-түлік емес дүкендер, шаштараздар, сұлулық салондары (10:00-ден 18:00-ге дейін), сауда нысандары (10:00-ден 20:00-ге дейін), мейрамханалар, барлар, кафелер, асханалар, сауналар, жеке моншалар, қоғамдық моншалар (10:00-ден 22:00-ге дейін), фитнес орталықтары, СПА салондары (12:00-ден 20:00-ге дейін) да шектеулі режимде жұмыс істейтін болады.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

15 маусымнан бастап Солтүстік Қазақстан облысында сағат 06:30-дан 21:30-ға дейін жұмыс режимімен елді мекендер ішіндегі қоғамдық көлік қызметі шектеледі. Бұл туралы аймақтың бас санитар дәрігерінің қаулысында айтылған.

Автобустағы тасымалданатын адамдардың саны отырғызу орындарының санынан аспауы тиіс. Жолаушыларды автобустарға жіберу бетперде киген кезде ғана жүзеге асырылады.

Қоғамдық тамақтану нысандары сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Жеткізу-уақыт шектеусіз.

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлармен сауда нысандарының жұмыс тәртібі сағат 20:00-ге дейін шектеледі.

Шектеу шараларын күшейту Жамбыл облысында да қолға алынды. Соған байланысты облыстың бас санитар дәрігері Ғазиз Надуевтың қаулысы жарияланды.

Өңірде елді мекендерде және олардың арасында қозғалыс 22:00-ден 6:00-ге дейін шектелген.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Облыста бірқатар нысандардың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

Тиісті құжатта өңірде вирустан соңғы 7 күн ішінде сырқаттанушылықтың өсу деңгейі 7 пайыздан асып, эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып бағаланғаны айтылған.

Осыған байланысты көпшілік іс-шаралар мен ұжымдық, жанұялық барлық жиындарды өткізуге тыйым салынды.

Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, басқа да кеңселер қызметі мамандарының кемінде 80 пайызын қашықтықтан жұмыс істеуге міндеттеді.

Маңғыстау облысында аймақтың бас дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеулер қойылды.

Ішкі қоғамдық көліктер 6:00-ден 10:00-ге дейін және 17:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ауылдар, қалалар мен аудандар арасында қатынауға шектеу қойылды.

Тағы да оқыңыздар

Декреттік демалысқа шығу үшін қандай құжаттар қажет?

Орын саны 30-дан асатын тамақтану орындары тек жеткізу режимінде жұмыс істеуі керек.

Қалалардың әкімдіктеріне, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына тапсырма берілді. Компания қызметкерлеріне қашықтан жұмыс режиміне көшу ұсынылды.

Ақтөбе облысындағы карантин 12 маусымнан бастап күшейтілді. Бас санитар дәрігер Нұрсұлу Беркімбаеваның қаулысы жарияланды.

Бұл өңірде фудкорттар, компьютер клубтары, аттракциондар, лагерьлер, караокелер, тунгі клубтар мен қорқорханалардың жұмысы тоқтатылады.

Ауқымды шараларға тыйым салынып, стационарлық емес тамақтану және сауда орталықтарының жұмыс істеуіне шектеу қойылды.

Облыс орталығы мен аудандарда қоғамдық көлік таңғы 6.00 мен 21.00 арасында жүрмек. Салон ішіне бетпердесіз кіруге қатаң түрде тыйым салынды.

Одан бөлек, базарлардың бірқатары дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 9:00 мен 13:00 аралығында, өзгелері жұмадан жексенбіге дейінгі аралықта 10:00 - 16:00 дейін істейтін болады.

Тағы да оқыңыздар

2019 жылғы кәріс телехикаялары: жаңа топтама

ХҚКО-лар мен білім орталықтарының жұмысы тек сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін жүргізіледі.

Қостанай облысында балалар клубтары мен оқу орталықтарының жұмысы шектелді.

Бас дәрігер Владимир Нечитайлоның қаулысына сәйкес үйірмелер мен шеберлік сабақтары 20 адамнан аспайтын топ 3 сағатқа дейінгі режимде өткізілуі керек.

Мемлекеттік қызметшілердің 80 пайызы қашықтықтан жұмыс режиміне көшті.

13 маусымнан бастап Қарағанды облысы бас санитар дәрігері Қанат Асқаровтың қаулысына сәйкес, аймақтағы карантин режимі күшейтілді.

Қоғамдық көліктің жұмыс уақыты шектеледі – автобустар тек таңертең және кешке жүреді.

Бірқатар нысан үшін жұмыс кестесіне шектеулер енгізілді:

ХҚКО келушілерді сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды; сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері (орталықтары) жаңа кестеге көшеді: жұмыс күндері сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін, демалыс күндері 09.00-ден 13.00-ге дейін; азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін ашық болады.

Тағы да оқыңыздар

Кәріс тарихи дорамалары: 2019 жылдың тізімі

Демалыс күндері санитарлық күн өткізу үшін жабылуы тиіс; стационарлы емес қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (дүңгіршектер, донерханалар, оның ішінде саябақтарда, гүлзарларда және т. б. жерлерде орналасқан нысандар) қызметіне тыйым салынды.

Шығыс Қазақстан облысында карантин 1 шілдеге дейін ұзартылды. Бас санитар дәрігер Марат Исмаиловтың қаулысы жарияланды.

Семей қаласының әкіміне шектеулерді енгізуге қатысты жеке тапсырмалар берілді.

Олар бірқатар нысандардың жұмыс режимін төмендетуге қатысты болды, мысалы, СПА орталықтары, сауналар және азық-түліктік емес базарлар. Кинотеатрлар мен театрларға адам жиналу санына шектеулер бар (50 пайыздан аз).

Тұрғындардың маска режимін сақтауын бақылау күшейтілетіні атап өтілді.

Алматы облысында карантин жалғасуда. Аймақтағы бас дәрігердің қаулысы жарияланған.

Тағы да оқыңыздар

Аша Матай фильмографиясы: Актриса қандай фильмдерге түсті?

Талдықорған әкіміне азық-түлік емес және азық-түлік базарларының жұмысын сағат 15:00-ге дейін шектеу тапсырылды.

Саябақтар мен бассейндердің жұмысын тоқтата тұрыңыз, сонымен қатар оларда шомылуға жол бермеу үшін субұрқақтарға қоршау құралдарын орнатуды қамтамасыз етілді.

Павлодар облысында Баянауыл ауданы үшін жеке қаулы шығарылды.

Жасыбай демалыс аймағына кіреберісте блок-бекеттер орнатылған.

Сондай-ақ Екібастұз қаласы үшін жеке қаулы жарияланды.

Онда бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға, бірқатар нысандардың жұмысына тыйым салынды. Айта кету керек, діни нысандар да жұмысын тоқтатты.

Сауда объектілерінің жұмыс режимі шектеулі.

Алматыда карантин режимі күшейтілді. Қаланың бас дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысы жарияланды.

Атап айтқанда, Алматы қаласындағы базарлар 9:00-ден 16:00-ге дейін, демалыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Тағы да оқыңыздар

iHerb-тен өнім сатып алу арқылы өз ақшаңызды қалай үнемдеуге болады?

Сауда орталықтары тамақтану нысандарының, ойын-сауық нысандарының жұмысын тоқтата отырып, сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар, ХҚКО-ның жұмысы онлайн-форматқа аударылуы тиіс, онлайн көрсету мүмкін емес қызметтер уақыты бойынша сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін шектелуі қажет.

Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы 22:00-ге дейін шектелген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Вирус таралуда: Қазақстанның қай қалаларында карантин күшейтілді