Выйти
RU

Елордада үш жігіт ұзақ уақыт зорлап келген 12 жасар қыздың туыстары оқиғаны баяндады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында үш ер адам 12 жасар қызды зорлады деп күдіктелуде. Бұл жантүршігерлік оқиға туралы бір күн бұрын белгілі болды. Мектеп оқушысының анасы олардың біреуін ұстап алғанын және оның бар кінәні мойындағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елордада үш жігіт ұзақ уақыт зорлап келген 12 жасар қыздың туыстары оқиғаны баяндады

Фото: "Еуразия" бірінші арнасының видеосынан кадр

"Еуразия" бірінші арнасының журналистері кәмелетке толмаған баланың анасымен тілдесті.

Келінше алты ай бойы өз баласына жүйелі түрде зорлық-зомбылық әрекеттері жасалған орынды көрсетті.

Оның айтуынша, соңғы рет бұл жантүршігерлік жағдай бір апта бұрын мектепке жақын маңайда болған. Ол өзінің қызына қиянат жасалғаны туралы кездейсоқ білгенін жеткізді.

Оның денесінде көгерген дақтар пайда бола бастаған. Алайда жеткіншек бірдеңе айтудан үзілді-кесілді бас тартып, тұйықталып қалыпты.

  • Оқушы дәрігерлердің қабылдауында болған соң олар қыздың пәктігінен айырылғанын растады.

Нұр-Сұлтан тұрғыны қаскүнемдер қызды қорқытып қойған деген сенімде, себебі ол ұзақ уақыт бойы болған оқиғаны мойындамапты. Онымен тек психолог сөйлесе алған.

Содан кейін ата-ана полицияға арыз жазды.

Мектеп оқушысы ағасының үш досы оны ұдайы зорлап отырғанын айтты. Оның сөзінше, олар болған оқиға туралы жеткіншек біреуге тіс жарса, жағдайды бәріне жайып салуға уәде берген. Оқушы қыз сол үшін қорқып жүріпті.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Туыстарының айтуынша, күдіктілердің есімдерін біле салысымен, олардың бірін дереу ұстап алған. Ол камераға мас күйінде кәмелетке толмаған баланы зорлағанын мойындады.

Бұған дейін елордалық полиция жасөспірімге қатысты сексуалдық әрекеттерді растады. Үш күдіктінің жеке басы анықталды, олар Целиноград ауданының 25-26 жастағы тұрғындары болып шықты. Тергеу барысында олардың қылмысқа қатысы туралы мәліметтер алынды. Олар ұсталды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордада үш жігіт ұзақ уақыт зорлап келген 12 жасар қыздың туыстары оқиғаны баяндады