Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халық денсаулығы туралы кодекс Тоқаевқа қол қою үшін жіберілді

Опубликовано:

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасына сенат енгізген толықтыруларды талқылап, ол бойынша келісімін берді. Енді құжат президентке қол қою үшін жіберіледі деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы мәжілістің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Pexels.com
Көрнекі фото: Pexels.com: UGC

Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова президент тапсырмасына сәйкес парламент сенатының депутаттары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекс жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізгенін айтты. Бұл өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліс мақұлдаған Кодекс жобасының тұжырымдамалық мәнін өзгертпейді.

Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары ілеспе заң жобасына Сенат енгізген толықтырулармен келіскен.

Қос палата мақұлдаған жоба енді президентке қол қою үшін жіберіледі.

Cоңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 15542-ке жетті. Олардың 9647-сі дертті жеңіп, ауруханадан шықса, 88 науқас көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова ауру белгілері жоқ коронавирусқа шалдыққан адамдарды емдеуге қандай тәсіл қолданылатынын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860773-halyk-densaulygy-turaly-kodeks-tokaevka-kol-kou-sin-ziberildi/

pixel