Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамдар зардап шегіп, үйлер қираған: Аягөзде қатты дауыл тұрды (фото, видео)

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында қатты дауыл тұрды. Күшті жел тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттардың шатырын ұшырды. Сондай-ақ зардап шеккендер бар. Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті табиғи апаттың салдары туралы мәлімет берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ШҚО ТЖД
Фото: ШҚО ТЖД: UGC

Дауылды Аягөз қаласының тұрғыны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Желі қолданушылары қала тұрғындарына алаңдаушылық білдіріп отыр.

Фото: ШҚО ТЖД
Фото: ШҚО ТЖД: UGC

Өңірлік ТЖД ақпарынша, табиғи апат салдарынан жеті адам зардап шеккен. Олар қираған әйнектер мен құлаған ағаш бұтақтарынан жарақат алған.

Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жеткен.

Бұдан бөлек, 19 екіқабатты және 72 бірқабатты тұрғын үйге, төрт мектепке, балабақша мен аудандық аурухана ғимаратына зақым тиген.

Тоғыз мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалған. Арнайы комиссия табиғи апаттан келтірілген шығынды есептеуде.

Фото: ШҚО ТЖД
Фото: ШҚО ТЖД: UGC

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда түні бойы жаңбыр жауып, қаланы су басқанын хабарлаған болатынбыз.

Елорда көшелерінің көрінісін әлеуметтік желі қолданушылары бірінен соң бірі жарыса жариялап жатыр.

Желідегі видеолардан Нұр-Сұлтандағы жолдардың жаңбыр суы астында қалғанын байқауға болады. Сол жағалаудың да, оң жағалаудың да көшелерін су басқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860783-adamdar-zardap-segip-jler-kiragan-aagzde-katty-dauyl-trdy-foto-video/

pixel