Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз біргеміз": Балғынбек Имаш Елбасының алғыс хатымен марапатталды (фото, видео)

Опубликовано:

Отандық танымал айтыскер Балғынбек Имаш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше алғыс хатымен марапатталды. Оны ақынға "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек тарту етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/balgynbek_official/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/balgynbek_official/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Балғынбек Имаш Instagram желісінде алғыс хатын алып жатқан сәтінен фото және видеомен бөліскен. Белгілі айтыскер карантин уақытында "Біз біргеміз" атты қайырымдылық акциясына барынша атсалысқаны үшін марапатталған. Ол ТЖ режимі кезінде қиын жағдайға тап болған мұқтаж отбасыларға көмектескен.

Еңбегі еленген ақын еліміздің бас партиясының басшылығына Бауыржан Байбектің келгеніне аса қуанышты екенін жасырмады. Оның сөзінше, "Nur Otan"-ға Алматының экс-әкімі келгелі, партия айтыс, көкпар, бәйге, аударыспақ, отбасы, дәстүрлі өнер сияқты ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға күш салып, қолдап келеді.

Еске сала кетейік, Елбасының алғыс хатымен марапатталғандар арасында отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас та бар. Өнер иесі бұл жетістігімен бірден әлеуметтік желіде барша жанкүйерлерімен бөліскен.

Ал танымал журналист Асхат Садырбай болса, Ұлттық кеңестегі бір жылдық еңбегі үшін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатына ие болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1860786-biz-birgemiz-balgynbek-imas-elbasyny-algys-hatymen-marapattaldy-foto-video/

pixel