Выйти
RU

Бөлмеге жөндеу жұмысын жүргізбек болған ерлі-зайыптылар қабырғадан ерекше хат тауып алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Лондондық Шарлотта Моррисон күйеуі Яриден екеуінің басынан өткен күлкілі оқиғамен әлеуметтік желіде бөлісті. Ерлі-зайыптылар үйіндегі бөлмелердің біріне жөндеу жұмыстарын жасауға бел буған. Алайда қабырғадағы түсқағаздарды алып тастағанда үйдің бұрынғы иесі Джонның хатын көрген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Бөлмеге жөндеу жұмысын жасамақ болған ерлі-зайыптылар қабырғадан ерекше хабарламаны байқаған

Фото: facebook.com/charlotte.wilkinson

Белгілі болғандай, хат 1997 жылы жазылған. Джон өз хатында жөндеу жұмыстарын жасауға бел буғанын және сол үшін арнайы түсқағаздарды сатып алғанын жеткізген.

Алайда ол таңдаған түсқағаздардың саны бөлме үшін жеткіліксіз болып қалған екен.

Көңілі түскен ер адам осындай сәтте тек өзін ғана емес, үйдің болашақ иелерін де ойлап, олардың өмірін жеңілдетпек болыпты.

"Егер үйдің жаңа иесі осы бөлменің түсқағаздарын өзгерткісі келсе, біліп жүріңіз, сізге түсқағаздың сегіз данасы қажет болады. Мен тек алтауын сатып алған болатынмын, өкінішке қарай, жетпей қалды", - деп жазып кеткен Джон.

Хатты көріп, суретке түсіріп алған Шарлотта оны желіде бөлісуде жөн көрген. Джонның хаты оқырмандардың назарынан тыс қалмай, 14 мың лүпіл мен 5,6 мың пікір жинаған.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Көпшілік Джонның хатынан шабыт алып, Шарлоттаға оның хатын қабырғаға іліп қоюға кеңес берген.

Ал ер адамның туыстары ерлі-зайыптылармен хабарласып, хатты ағаларының жазғанын айтқан. Алайда олардың сөзінше, Джон әлеуметтік желілерді аса ұнатпайды екен.

Айта кетейік, бұған дейін үй қабырғасынан шығатын шудан әбден мазасы қашқан қожайын туралы жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бөлмеге жөндеу жұмысын жүргізбек болған ерлі-зайыптылар қабырғадан ерекше хат тауып алды