Выйти
RU

"Жағдай расымен қиын": Надыров Алматыдағы коронавирусқа қатысты ахуалды баяндады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астананың қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров коронавирусқа байланысты қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ситуация действительно сложная": Надыров о коронавирусе в Алматы

Фото: NUR.KZ

"Қаладағы жағдай расымен қиын. Денсаулық сақтау жүйесінің ресурстары шексіз емес. Бұл ресурстар қаржыландыру деңгейі біздің елімізге қарағанда ондаған есе жоғары дамыған елдерде де жетіспейді. Ауру жұқтыру саны өсіп келеді. Соңғы күндері қаланың клиникаларына күн сайын 100-ден астам пациент түседі.
Түсінікті болу үшін, аурухананың орташа қуаттылығы – 200-300 жатын орын, сондықтан сұранысты қанағаттандыру үшін әр үш күн сайын жаңа жұқпалы аурулар ауруханасын ашу керек, әрине бұл мүмкін емес. Бүгінгі таңда қалада Covid-19 жұқтырған пациенттерді емдеу үшін 10 (!) аурухана жұмыс істеп тұр, 1300-ден астам адам емделіп жатыр", – деді Надыров Facebook-тегі жазған пікірінде.

Оның айтуынша, қазіргі клиникаларды коронавирус инфекциясымен ауыратын пациенттерді емдеу үшін қайта құру мүмкін емес, өйткені онда дәрігерлер басқа аурулары бар адамдарды (инфаркт, инсульт, аппендицит және т.б.) емдейді.

"Күн сайын қалада 2500-ден аса жедел жағдайлар орын алады. Мәселе тек бос төсек орындарында ғана емес, сонымен бірге коронавирустан емделіп жатқан пациенттермен жұмыс істеуге дайын медициналық топтардың қатысу мәселесі де өзекті болып отыр. Тиісінше, өкінішке орай, біз пациенттерді тек орташа және ауыр дәрежелі санаттар бойынша іріктеп, емдеуге жатқызуға мәжбүрміз.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Вирустың нақты емі жоқтығына қарамастан, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін дәрігерлердің мойнына артылған жүк те айтарлықтай өсті! Сондықтан біз тұрғындарды мамандардың ұсыныстарын ескерместен бұрын бір сәт ойлануға шақырамыз.
Көптеген адам біздің ұсыныстарымызды елемейтініне көзіміз жетіп отыр. Көбісі әлі күнге дейін ауру жұқтырып алу қаупі бар екеніне сенбейді. Мұның бәрі аурудың таралу деңгейінің күрт өсуіне әкеп соғады.
Сонымен, мемлекет тыңдап, біліп отыр, мәселе басқада, халық мемлекет пен сарапшыларды тыңдай ма? Ақыл жеңеді деп үміттенемін... Барлығына денсаулық тілеймін!", – деп жазды Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.

Еске салсақ, оңтүстік астанада карантиндік шаралар күшейтілген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жағдай расымен қиын": Надыров Алматыдағы коронавирусқа қатысты ахуалды баяндады