Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ашық фотоларымен бөліскен Сүйіншалина мен Жолдыбаева ерлерді естен тандырды

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнес жұлдыздары Бибігүл Сүйіншалина мен Алтынай Жолдыбаева желіде мінсіз мүсіндерін паш етіп, ерлеп қауымын еліктірді. Қос сылқым ашық фотоларын жариялап, көпшіліктің қызу талқысын тудырды. Бірі арулардығ дене бітіміне тамсанып жатса, енді бірі оларды ерсі қылықтары үшін сынауға кіріскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/bibigul_aktan_s/altynaizholdybayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/bibigul_aktan_s/altynaizholdybayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Актриса Бибігүл Сүйіншалина осы жазда шетел аса алмаса да, Қапшағайға барып шомылып қайтқан. Кино саласының жұлдызы Instagram парақшасында купальникпен түскен фотоларымен бөлісіп, ерлар қауымын тәнті еткен.

Желі қолданушыларының көбісі оның мінсіз мүсініне қызығып, оған қатысты өз пікірлерін жарыса білдірген. Оған қоса, актрисаны төсін айқара ашқаны үшін сынап жатқандар да болды.

Алтынай Жолдыбаева да демалысы кезіндегі фотосын ел назарына ұсынып, елден оңбай сөз естіген. Суретте әнші ару арқасымен тұрғанын байқауға болады. Алайда, оқырмандар бойжеткеннің бөксесін көрсетіп тұрғандай болғанына шүйліккен.

"Не сұмдық? Төсін әбден жарқыратып" , "Ұят қайда?" , "Бөксесін көрсетіп, мақтанып тұр" , "Сөзім жоқ, қазақ қыздары неге ашылып бара жатыр" , "Қазақ аруларына сай қылы емес" , "Онда тұрған не бар? Дене бітімдері керемет, неге мақтанбасқа?" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1860837-asyk-fotolarymen-blisken-sjinsalina-men-zoldybaeva-erlerdi-esten-tandyrdy/

pixel