Выйти
RU

Қисықова: Барлығына бірдей дәрігер мен төсек-орын жетпейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы азаматтардың тәртібін сынға алды. Оның айтуынша, астаналықтардың бейқам әрекеті Нұр-Сұлтанда "итальялық сценарийдің" қалыптасуына әкелуі мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Барлығына бірдей дәрігер мен төсек орын жеткіліксіз": Қысықова Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты

Көрнекі фото: pixabay.com

Сәуле Қисықованың айтуынша, қалалық ауруханаларда барлығы 11,5 мың дәрігер жұмыс істейді, ал қала тұрғындарының саны 1 миллионнан асады.

Ол астаналықтарды дәрігерлердің кеңесіне байыппен қарап, қашықтықты сақтауға, қорғаныс бетпердесін киюге шақырды. Әйтпесе, ауруды жұқтырған азаматтардың барлығы бірдей дер кезінде медициналық көмек ала алмайды.

"Егер тұрғындар өздерін бейқам ұстауын жалғыстыра беретін болса, барлығына бірдей дәрігер мен төсек-орын жетпейді. Барлығына бірдей уақытыңда көмек көрсетілмейді", – дейді Сәуле Қысықова.

Жалпы, басшының мәліметтері бойынша, бүгінде елордада 1,7 мыңнан астам адам қалалық ауруханаларда ем алып жатыр. Оның ішінде тоқсан адам жансақтау бөлімінде жатыр, оның төртеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Қисықова, сондай-ақ осы айдың басынан бастап ауруханаларға орташа есеппен 500 адам түсіп жатқанын, әрбір екіншісінде вирустық пневмония екенін айтты. Пациенттердің басым бөлігі орташа-ауыр және ауыр жағдайда жатқан көрінеді.

Еске салсақ, бұған дейін Сәуле Қисықова коронавирусқа еш себепсіз тест тапсырудың қажеті жоқ екенін айтқан еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қисықова: Барлығына бірдей дәрігер мен төсек-орын жетпейді