Выйти
RU

Covid-19 тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайда не істеу керек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте қала тұрғындарына Covid-19 тесті оң нәтиже көрсетсе, не істеу керектігін айтты. Соңғы уақытта әлеуметтік желіде дәрігерлердің әрекетсіздігіне шағымданғандар көбейген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Covid-19 тесті оң нәтиже берген жағдайда не істеу керек

Көрнекі фото: АГН Москва

Cәуле Қисықова коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайда не істеу керегіне қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, барлығы науқастың денсаулық жағдайына байланысты.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысының сөзінше, алдымен жергілікті емханаға хабарласып, жағдайды учаскелік дәрігерге айту керек.

Егер КВИ белгілері жұмыс уақытынан тыс кезде пайда болып, науқастың дене қызуы көтеріліп, жөтеліп, тыныс алуы қиындаса, бұл жағдайда Қисықова жедел жәрдем шақыруды ұсынды. Жедел жәрдем дәрігерлері мұндай жағдайда пациентті қай жерге апару керектігін шешеді.

Егер клиникалық белгілері болмаса, яғни ауру симптомсыз түрде болса, онда Қисықованың сөзінше, науқас үйде болуы керек, яғни өзін-өзі оқшаулауы қажет. Оған бетперде режимі мен жеке бас гигиена ережелерін сақтау және жеке ыдыс-аяқтарды пайдалану ұсынылады.

"Дене температурасы 38 градустан асқан кезде күніне 500 мг парацетамол мен 150 мг аспирин қабылдау керек. Қанды сұйылту үшін Тромбо АКС, Кардиомагнил қабылдауға рұқсат етіледі", – дейді Қисықова.

Тағы да оқыңыздар

Жүктілік кезінде әйел адамдар не істеуі керек?

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясының жай ағамы кезінде 3-5 тәулік жоғары температура байқалады.

Сонымен қатар Қисықова дене температурасын күніне кемінде үш рет өлшеуге кеңес берді. Оған қоса, сынап термометрін қолдану ұсынылады.

Сондай-ақ, ол бөлменің ауасын жиі тазартып тұруға кеңес берді.

Бұған дейін Сәуле Қисықова астаналықтардың бейқам әрекеті Нұр-Сұлтанда "итальялық сценарийдің" қалыптасуына әкелуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Covid-19 тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайда не істеу керек