Выйти
RU

Тоқаев: Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шараларын жариялайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі коронавирусқа байланысты қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қатысты пікір білдіріп, 2020 жылдың 18 маусымында жаңа шаралар жарияланатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев: Ертең Үкімет эпиджағдайды тұрақтандыруға байланысты шараларды жариялайды

Фото: NUR.KZ

Елдегі ахуал жайлы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Twitter парақшасында жазды.

"Азаматтардың карантин режимін жаппай сақтамауы салдарынан к/вирус індетінің таралу қаупі күшейіп тұр. Дегенмен, Үкіметтің бақылауында. Ертең Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты және тестілеу ауқымын кеңейту туралы шараларды жариялайды",- деді ол.

Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы азаматтардың тәртібін сынға алды. Оның айтуынша, астаналықтардың бейқам әрекеті Нұр-Сұлтанда "итальялық сценарийдің" қалыптасуына әкелуі мүмкін.

Сәуле Қисықованың сөзінше, қалалық ауруханаларда барлығы 11,5 мың дәрігер жұмыс істейді, ал қала тұрғындарының саны 1 миллионнан асады.

Ол астаналықтарды дәрігерлердің кеңесіне байыппен қарап, қашықтықты сақтауға, қорғаныс бетпердесін киюге шақырды. Әйтпесе, ауруды жұқтырған азаматтардың барлығы бірдей дер кезінде медициналық көмек ала алмайды.

"Егер тұрғындар өздерін бейқам ұстауын жалғыстыра беретін болса, барлығына бірдей дәрігер мен төсек-орын жетпейді. Барлығына бірдей уақытыңда көмек көрсетілмейді", – дейді Сәуле Қысықова.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев: Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шараларын жариялайды