2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Атырау облысының бұрынғы бас санитар дәрігері коронавирус жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырауда Ұлттық сараптама орталығы филиалының 14 қызметкері коронавирус жұқтырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Атырау облысының бұрынғы бас санитар дәрігері коронавирус жұқтырды

Фото: Темірбек Мұсағалиев/ facebook.com

Бүгін аталған филиалдың бір қызметкерінен қауіпті індет анықталған. Кейін науқаспен байланыста болған 13 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды. Науқастың бірі –филиалдың директоры, Атырау облысының бұрынғы бас санитар дәрігері Темірбек Мұсағалиев.

Оның өзі әлеуметтік желіде індетке шалдыққаны туралы жазды.

"Бүгін мен тапсырған ПТР тест қорытындысы оң нәтиже берді. Мен санитарлық қорғаныс талаптарын сақтап, маска тақтым, қолғап кидім. Қолыма дезинфекция жүргіздім. Коронавирустың мені айналып өтетініне сенімді едім. Бірақ, олай болмай шықты", -деп жазды Темірбек Мұсағалиев.

Аталған филиалдың індет жұқтырған қызметкерлері әкімшілік персоналда жұмыс істеген, олардың зертханаға қатысы болмаған. Орталық ғимаратына дезинфекция жүргізілген. Қазір зертхана қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі коронавирусқа байланысты қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қатысты пікір білдіріп, 2020 жылдың 18 маусымында жаңа шаралар жарияланатынын айтты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырау облысының бұрынғы бас санитар дәрігері коронавирус жұқтырды