RU

Түркістан облысында карантин ұзартылды

Түркістан облысында карантин ұзартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысында карантин ұзартылды
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Түркістан облысы бас санитар дәрігерінің қаулысымен азаматтарға саябақтарда, алаңдарда және жағалауларда серуендеуге тыйым салынады. Санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, ХҚКО-ның жұмысы 10:00-ден 17:00-ге дейін шектелді. Сондай-ақ, азық-түлік және азық-түліктік емес базарлардың жұмысы 6 күн ішінде 10:00-ден 17:00-ге дейін қысқартылды.

СПА-орталықтар, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Қала ішіндегі қоғамдық көліктің жұмысы 06:00-ден 10:00-ге дейін және 17:00-ден 21:00-ге дейін шектеледі.

"Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялар мен олардың филиалдарының, кеңселерінің басшыларына қызметкерлердің кемінде 75% - ын қашықтан жұмыс режиміне ауыстыру қажет", - делінген қаулыда.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі коронавирусқа байланысты қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қатысты пікір білдіріп, 2020 жылдың 18 маусымында жаңа шаралар жарияланатынын айтты.

"Азаматтардың карантин режимін жаппай сақтамауы салдарынан к/вирус індетінің таралу қаупі күшейіп тұр. Дегенмен, Үкіметтің бақылауында. Ертең Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты және тестілеу ауқымын кеңейту туралы шараларды жариялайды",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1860898-trkistan-oblysynda-karantin-zartyldy.html