RU

"Маскүнемдігі үшін": Алматы облысының тұрғыны туған інісін ұрып өлтірді (видео)

Алматы облысында ер адам өзінің туған інісін маскүнемдігі мен аморальді өмір сүргені үшін аяусыз ұрып-соққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Маскүнемдігі үшін": Алматы облысының тұрғыны туған інісін ұрып өлтірді (видео)
Видеодан кадр: polisia.kz: UGC

Бұл қылмыстың ақ-қарасын полиция қызметкерлері тергеу арқылы бір тәулік ішінде анықтады.

Шелек ауылы ауруханасының жансақтау бөліміне ұрып-соғылған күйде 62 жастағы жергілікті тұрғын түсіп, есін жимастан көз жұмған. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлімі “Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша тіркелді.

"Бастапқыда қылмыс бойынша ешқандай айғақ болмады. Зардап шегушіні алып кеткен үйде ешбір төбелес іздері болған жоқ. Көрші тұратын ағасы сағат 01.00 шамасында оның еденде жатқан жарақаттары бар денесін көріп, дереу жедел жәрдем шақырғанын айтқан. Оның пікірінше, ұрып – соғу оқиғасы үйден тыс жерде болған", – дейді Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының бастығы Талғат Сейілханов.

Бірақ тергеуші Денис Олшанский логикалық дәлелдердің дедукциясын пайдалана отырып, қылмыстық істі жедел түрде ашқан. Ол жауап алу барысында күдіктіге бір-біріне жанама айғақтар ұсынып, оны әшкерелеген.

"Күдікті оларды жоққа шығара алмады. Оның сөзінше, ол інісінің өлгенін қаламаған. Тек маскүнемдігі, аморальдық өмір ұстанғаны және түнгі қыдырыстары үшін сабақ бермек болған. Гир спортымен айналысқан ол үлкен физикалық күшке ие бола отырып, өзінің соққысын есептей алмаған. Күдікті інісін ұрғаннан кейін барлық іздерді мұқият жойып, полицейлерді алдап, жазадан құтылмақ болған", – деп толықтырды Сейілханов.

Күдікті қамаққа алынды. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін іс сотқа жіберіледі.

Айта кетейік, Алматы облысының тәртіп сақшылары Жетіген ауылында тұратын 79 жастағы тұрғынның соққыға жығылу оқиғасына қатысты мән-жайды анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1860900-masknemdigi-sin-almaty-oblysyny-trgyny-tugan-inisin-ryp-ltirdi-video.html