Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футбол: Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының финалдық кезеңі қалай өтеді

Опубликовано:

UEFA 2019/2020 жылғы кезеңдегі Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы финалдарын өткізуге байланысты шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Футбол: Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының финалдық кезеңі қалай өтеді
Фото: UEFA ресми сайты: UGC

Бұл шешім бүгін өткен UEFA атқару комитетінің отырысында белгілі болды. Чемпиондар лигасының финалы Португалия астанасы - Лиссабон қаласында өтеді. Ол сегіздік финалы форматында болады. Ойындар 10-23 тамыз аралығында өткізіледі.

Қазір жартылай финалға шыққан Францияның «Пари Сен-Жермен», Испанияның «Атлетико» (Мадрид), Германияның «РБ Лейпциг» және Италияның «Аталанта» командалары белгілі.

Қалған төрт команда «Наполи» (Италия) мен «Барселона» (Испания), «Челси» (Англия) мен «Бавария» (Германия), «Лион» (Франция) мен «Ювентус» (Италия), «Реал Мадрид» (Испания) мен «Манчестер Сити» (Англия) командалары арасында анықталады.

Биыл финалдық ойын Түркияның Стамбул қаласында өткізілуі тиіс болатын. Дегенмен ол келесі жылға шегерілді. Ал финал 2022 жылы - Ресейдің Санкт-Петербург), 2023 жылы - Мюнхен (Германия),2024 жылы - Лондон қалаларында болады.

Ал Еуропа лигасы финалдық кезеңі Германияның Кельн, Дуйсбург, Дюссельдорф және Гельзенкирхен қалаларында болады. Ойындар 10-21 тамыз аралығында өткізіледі.

Естеріңізге сала кетелік, ойындар жарыстың 1/8 финалдық сатысының алғашқы кезеңінде тоқтатылды. Бұдан бұрын футболдан Чемпиондар лигасына қатысқан барлық команданың рейтингі жарияланған болатын. Сондай-ақ, 2020 жылғы Еуропа чемпионатының өткізу форматы нақтыланды.

Ол бұрынғыша кәріқұрлықтағы Санкт-Петербург (Ресей), Лондон (Англия), Мюнхен (Германия), Баку (Әзербайжан), Рим (Италия), Бухарест (Румыния), Копенгаген (Дания), Амстердам (Нидерланды), Бильбао (Испания), Глазго (Шотландия), Будапешт (Венгрия) және Дублин (Ирландия) қалаларында өткізіледі.

Финал Англия астанасы - Лондон қаласында болады. UEFA атқару комитетінің отырысында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы іріктеу сатысындағы ойындарды өткізу жоспары да нақтыланды. Еурокубок ойындарының іріктеу сатысы бір кездесуден тұрады. Ол жеребе бойынша анықталады.

Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу сатысы 8-11 тамыз аралығында болса, Еуропа лигасында ол 20 тамызда өткізіледі.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты емдеуге дексаметазон стероидін қолдану бойынша клиникалық сынақтардың нәтижелерін "ғылыми серпіліс" деп атады. Бұл туралы ұйымның басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860902-futbol-cempiondar-ligasy-men-europa-ligasyny-finaldyk-kezei-kalaj-tedi/

pixel