Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы 9 адам қайтыс болды: Елде коронавирустан көз жұмғандар саны 100-ге жуықтады

Опубликовано:

Қазақстанда коронавирустан тағы тоғыз адам қайтыс болды. Осылайша, елде қауіпті дерттен көз жұмғандар саны 97-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Тағы 9 адам қайтыс болды: Елде коронавирустан көз жұмғандар саны 100-ге жуықтады
Көрнекі фото: azh.kz: UGC

Марқұмдар қатарында Нұр-Сұлтан қаласынан 1964, 1952, 1951, 1938, 1950 жылы туған әйелдер және 1982 жылы дүниеге келген ер адам, Шымкент қаласынан 1979 жылы туған ер адам, Алматы қаласынан 1969 және 1960 жылдары дүниеге келген ер адам бар.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Жалпы Қазақстан бойынша коронавирустан барлығы 97 адам қайтыс болды.

Нұр-Сұлтан қаласы – 21

Алматы қаласы – 15

Шымкент қаласы – 12

Ақмола облысы – 6

Ақтөбе облысы – 1

Атырау облысы – 3

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 6

Қарағанды облысы – 9

Қостанай облысы – 2

Маңғыстау облысы – 2

Павлодар облысы – 13

Түркістан облысы – 5.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі коронавирусқа байланысты қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қатысты пікір білдіріп, 2020 жылдың 18 маусымында жаңа шаралар жарияланатынын айтты.

"Азаматтардың карантин режимін жаппай сақтамауы салдарынан к/вирус індетінің таралу қаупі күшейіп тұр. Дегенмен, Үкіметтің бақылауында. Ертең Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты және тестілеу ауқымын кеңейту туралы шараларды жариялайды",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860904-tagy-9-adam-kajtys-boldy-elde-koronavirustan-kz-zmgandar-sany-100-ge-zuyktady/

pixel