Выйти
RU

Қостанай облысындағы тас жолға блок-бекеттер қойылып жатыр (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қостанай облысындағы тас жолда блок-бекеттер қойылып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысындағы тас жолға блок-бекеттер қойылып жатыр (видео)

Фото: alau.kz

Кадрлардан Қостанай-Рудный тас жолына бетон плиталар мен вагондар әкелініп жатқанын аңғаруға болады.

"Тағы не болып жатыр? Мұнда әкімдік көлігі. Блок-бекеттер қойып жатыр. Тағы да сол қайталанып жатыр", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Ал облыс әкімдігінің ақпарынша, бүгін Қостанай облысы шұғыл штабының отырысы өтеді.

Қостанай облысындағы тас жолға блок-бекеттер қойылып жатыр (видео)

Фото: alau.kz

Айта кетейік, бұған дейін облыстың бас санитар дәрігері Владимир Нечитайло өңірде күшейтілген карантин режимі қайта енгізілуі мүмкін екенін айтқан еді.

Хабар24-тің хабарлауынша, бұған себеп - Қостанай облысында инфекция жұқтырғандардың саны көбеюі. Әсіресе, аймақтың Арқалық, Амангелді, Жангелдин сияқты аудандарында өршіп тұр. Бірер күнде мұнда 43 адамнан кеселдің белгісі анықталды.

"Тұрғындардың дені қоғамдық орындарда, автобустарда маска тағуды, өзара арақашықтықты ұстанбайды. Қарапайым санитарлық ережелерді сақтауды біржолата ұмытқандай. Егер осылай жалғаса беретін болса, онда шектеу шараларын қатаңдатуға мәжбүр боламыз", - дейді Владимир Нечитайло

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қостанай облысындағы тас жолға блок-бекеттер қойылып жатыр (фото, видео)