RU

Елімізде коронавирус белгілері жоқ тағы 656 адам тіркелді

2020 жылғы 17 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 656 тасушы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Қазіргі уақытта елімізде коронавирус белгілілері жоқ тасушылар саны 6831-ге жеткен. Олар:

Нұр Сұлтан қаласы - 842 (+68) Алматы қаласы - 978 (+71) Шымкент қаласы - 679 (+26) Ақмола облысы - 120 (+38) Ақтөбе облысы - 230 (+23) Алматы облысы - 454 (+52) Атырау облысы - 739 (+119) Шығыс Қазақстан облысы - 220 (+18) Жамбыл облысы - 115 (+21) Батыс Қазақстан облысы - 406 (+27) Қарағанды ​​облысы - 1041 (+90) Қостанай облысы - 79 (+21) Қызылорда облысы - 171 (+12) Маңғыстау облысы - 213 (+1) Павлодар облысы - 72 (+8) Солтүстік Қазақстан облысы - 157 (+16) Түркістан облысы - 315 (+45)

Ал жалпы статистика бойынша елімізде коронавируспен ауырғандар саны 15877-ге жетіп отыр. Өткен тәулікте COVID-19 диагнозы расталаған тағы 335 адам белгілі болған.

Сонымен қатар өткен тәулікте коронавирустан тағы 9 адамның көз жұмғаны хабарланды.

Өлім жағдайлары Нұр-Сұлтан, Шымкент Алматы қалаларында тіркелген.

Сондай-ақ, 17 маусымда 273 адам COVID-19-дан жазылған. Қазір елде ауруынан айыққандар саны 9902.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1860931-elimizde-koronavirus-belgileri-zok-tagy-656-adam-tirkeldi.html