2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Алматыда коронавирусқа тест тапсырушылар саны 28 есеге артқан

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында коронавирусқа тест тапсыратындардың саны күрт өскен. Сынама тапсыратын арнайы орталықтарда қазіргі кезде ұзын-сонар кезек. Оған себеп, денсаулығына алаңдаған жергілікті тұрғындардан бөлек, ұйым мен мекеме міндеттеген қызметкерлер де көп. Мамандар тест тапсырушылар көктем мезгілімен салыстырғанда 28 есе артқанын айтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/КТК телеарнасы

Видеодан кадр/КТК телеарнасы

Арнайы орталыққа тест тапсыруға келген тұрғындардың бірі- Анна Ким. Айтуынша, жұмысынан ковидқа қатысты тест тапсыруды міндеттеген.

"Өзім банк қызметкерімін. Мекемеден қауіпті вируспен ауырған адам анықталғандықтан, бәрімізге осындай талап қойылды. Таңертең ерте келгенмін. Кезек күтіп тұрғаныма бір сағаттан асты", - дейді ол.

Телеарна дерегінше, кейбіріне тексерілу ақысын жұмыс берушілер төлесе, енді бірі өз қалтасынан төлеп жатыр екен.  

"Теңіз кенішіне тест болмаса, мені жұмысқа жібермейді. Өйткені онда ковид көп шығып жатыр. Қазір өз ақшама тапсырамын, кейін оның ақшасын төлей ме, төлемей ме, оны басшылықтан сұрамадым", - деді қала тұрғыны.

Орталықтан тек сынама алынып, емхананың зертханасына жіберіледі екен. Оның нәтижесі 6-7 сағатта дайын болады. Бағасы -15 мың теңге.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Соңғы кезде келушілер санының еселеп артқанын орталық мамандары да жасырған жоқ. Мысалы, наурыз бен сәуір айларында күніне жүзге жуық адам тест тапсырса, қазір бұл көрсеткіш 2 жарым мыңнан асқан.

"Күніне көлікпен 70 адам өткен кездер болды. Блок-бекеттер ашқаннан кейін қазір 20 пайызға көтерілді. Күніне 20-30 пайыз оң нәтиже шығады, симптомсыз", - дейді тест орталығының қызметкері Алмира Сәрсенбаева.

Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин де соңғы кезде ауруын анықтауға келгендердің саны ұлғайғанын растап отыр. Оның сөзінше, Алматыда бүгінге дейін 163 мың адам коронавирусқа тест тапсырған. 

"Қазір тексерудің ұзақтығына қатысты шағым түсіп жатыр. Алдағы уақытта арнайы жиын өткізіп, зертхана басшыларымен жиын өткіземіз. Жалпы қаладағы барлық зертханалар заманауи қондырғылармен, жоғары деңгейдегі технологиямен, толық автоматтандырылған. Бізде зертхана жеткілікті", - дейді ол.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирусқа еш себепсіз тест тапсырудың қажеті жоқ екенін айтқан болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коронавирусқа тест тапсырушылар саны 28 есеге артқан