2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

СҚО-да "inDriver" жүргізушісі есірткі қолданып, жолаушы тасымалдаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысында "inDriver" мобильдік қосымшасы арқылы жолаушы тасыған жүргізушінің рульге есірткі шегіп отырғаны анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

СҚО-да жүргізушісі есірткі қолданып, жолаушы тасымалдаған

Фото: polisia.kz

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткіге еліткен көлік жүргізушісі "Қарасора-2020" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қолға түсті.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласынан шығып келе жатқан автокөлікті тексерген. "BMW" рулінде Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның орталығы Новоишимское елдімекенінің 43 жастағы тұрғыны болған.

Көлік салонында жүргізушіден бөлек, үш жолаушы болған.

Көлікті қарау кезінде шынтаққойғыштың ішінен 2 полиэтилен пакетке салынған өсімдік тектес зат алынды. Есірткі іздеуге машықтанған Буч атты спаниель ит оны бірден тапты. Сараптама алынған заттың жалпы салмағы 220 грамм есірткі екенін көрсетті. Көлік жүргізушісі бұған дейін де бірнеше мәрте істі болған екен.

СҚО-да жүргізушісі есірткі қолданып, жолаушы тасымалдаған

Фото: polisia.kz

Бұдан бөлек, жүргізушіні тексерістен өткізу барысында оның есірткіге еліткені анықталды. Ол "inDriver" қосымшасы арқылы екі жолаушыны алмастан бұрын марихуана шеккенін растады. Сөзіне қарағанда, есірткіні 2 жыл бойы қолданып келеді.

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Иван Терзидидің сөзінше, жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Ұсталған азамат Петропавл қаласының сотымен 15 тәулікке қамаққа алынып, көлік басқару құқығынан 7 жылға айырылған.

Еске салсақ, оңтүстік астанада Тәжікстан азаматы ұсталған болатын. Полицейлердің ақпары бойынша, ол героин сатумен айналысқан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
СҚО-да "inDriver" жүргізушісі есірткі қолданып, жолаушы тасымалдаған