Выйти
RU

Димаштың әнін радиодан тыңдаған латвиялықтар қазақ тілін үйрене бастаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сегізінші маусымнан бастап, Ригадағы танымал "PIK 100FM" радио толқынында алғаш рет Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалды. Ғажайып дауысты әншінің өлеңдері енді бір ай бойы күніне екі мәрте қойылатын болмақ. Бұл жайт тума таланттың латвиялық жанкүйерлерін аса қатты қуантқан. Олар аталмыш радио ұжымына өз алғысын білдіруде деп жазады KAZ.NUR.KZ dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Димаш Құдайберген Латвия жүрегі болып табылатын Рига қаласында үлкен концерт ұйымдастырып, жергілікті халықтың жүрегін жаулап алды. Латвиялықтар қазақ баласының шығармашылығына асқан қызығушлық танытып, ол туралы көп мағлұматтар іздеген. Әншінің тыңдармандары оның отанының тарихы мен мәдениетін зерттеп, қазақ тілін үйренуді бастаған.

Димаштың өнеріне деген қызығушылық арта түскенін байқаған "Dimash Latvia Dears" атты латвиялық фан-клубы қазақстандық өнерпазды өз еліне одан бетер таныта бастады. Олар «PIK100FM» радиосының басшысы да Димаш Құдайбергеннің жанкүйері екенін біліп алып, оған өнер иесінің әндерін әуе толқынына қосуды ұсынған.

Екі тараптың келісімімен Игорь Крутой мен Михаил Гуцириев жазып шыққан "Любовь уставших лебедей" әні таңдалған.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Бұл өлең радиода шырқалғаннан кейін әншінің жанкүйерлері өз әуе толқынының ұжымына жылы лебіздерін жарыса білдірген.

Сонымен қатар, жақында Димаштың "Your love" атты су жаңа әні де радиода қойылып, көпшілікті қуантты. Енді латвиялықтар әншінің қазақ тіліндегі әндерін асыға күтуде екен.

Фото: dimashnews.com

Фото: dimashnews.com

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Димаштың әнін радиодан тыңдаған латвиялықтар қазақ тілін үйрене бастаған